Өлең құрылысына талдау жасау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып

7-сынып

Тақырып

Ж. Жабаев: «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»

Сабақ түрі мен әдіс-тәсілдер

  • Топтастыру
  • Инсерт
  • «Бес жолды өлең» стратегиясы

Сабақтың мақсаты

  1. 1) Ақын өлеңдерінің өзіндік табиғаты мен ерекшелігіне назар аударту; өлеңдегі түйінді ойды аңғарту; Жамбыл туралы білімді кеңейтіп, бекіту.

  2. 2) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, танымдық көзқарасын қалыптастыру.

  3. 3) Өз елін, Отанын, туған жерін сүюге және құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже

  • 1

    Өлең мазмұны бойынша өз көзқарасын қалыптастырады.

  • 2

    Алғадай бейнесі арқылы жақсы мінез-құлық пен іс-әрекеттерді талдап, өзіндік қорытынды жасайды.

  • 3

    Жаңа ұғымдарды өздігінен іздеп табуға дағдыланады.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу, сабақ мақсатымен таныстыру, жұмыс ережесін нақтылау.

I. Қызығушылықты ояту

Сұрақ: «Жамбыл жайлы тағы не білдім?»

Топтастыру әдісі арқылы оқушылар бұрынғы білімін еске түсіріп, жаңа деректерді жинақтайды.

II. Мағынаны тану

Негізгі бағыт: Жамбылдың өз қолымен майданға аттандырған «Аттандыру» өлеңіндегі кейіпкер кім?

Бұл бөлімде Алғадай бейнесі және ақынның соғыс жылдарындағы көңіл күйі талданады.

Тарихи-өмірбаяндық дерек (қосымша түсінік)

Жамбыл Жабаевтың алты ұлы болған. Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады.

Екі ұлы — Ізтелеу мен Алғадай — Ұлы Отан соғысына аттанады.

1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады.

Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен соң келіні Жәміш ұл табады.

1943 жылы Алғадайдың ерлікпен қаза тапқаны туралы қара қағаз келеді.

Қайғылы хабарды естірту сәтінен үзінді

— Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,

Қайғырып Алғадайға жатырмысың.

Пендеге бұл жалғанда өлім рас,

Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?

Кім күшті бұл дүниеде — адам күшті,

Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.

Миуалы бақ ішінде дарағы едің,

Бір жемісің жел соғып жерге түсті.

Бұл сөздер ақынға ауыр қаза хабарын жеткізудің бір үлгісі ретінде берілген. Ұл қайғысы Жамбылдың жанын терең жаралайды.

Мәтінмен жұмыс

  • Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
  • Инсерт әдісі: өлең жолдарындағы түсініксіз сөздерді белгілеп отыру.
  • Сөздікпен жұмыс.

Сөздік

Мүрде
Өлген адамның денесі, өлік.
Көзел
Көпті көрген, сұңғыла.
Саулақ
Елден ерен, ерекше.
Жабы
Қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түрі.
Кәріп
Соқыр, мүгедек.

Өлең құрылысына талдау

Өлеңдер топтамасы екі топқа бөлініп, буын мен бунақ ерекшелігі салыстырылады.

1-топ

  • 3 шумақ
  • 4 тармақ
  • 2 бунақ
  • 7 буын

2-топ

  • 2 шумақ
  • 4 тармақ
  • 2 бунақ
  • 7–8 буын

III. Ой толғаныс

Қорытынды ой: ұлы ақынды терең қайғыға салған — фашистік басқыншылық соғыстың бейбіт елдің берекесін кетіруі, адам тағдырын тәлкекке салуы.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Зат есім
Соғыс
Сын есім
Оқушының таңдауы бойынша
Етістік
Оқушының таңдауы бойынша
Сөйлем
Оқушының таңдауы бойынша
Синоним
Оқушының таңдауы бойынша

Бағалау

Топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс және талдау нәтижелері бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Тапсырма: Ұнаған өлеңді жаттау.