Бүгінгі сабақта түстерді белгілейтін жаңа сөздермен таныстыңдар

Grade: 1
Сабақтың тақырыбы: Colours
Сабақтың мақсаты: Colours тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (red, yellow, green, blue ) таныстыру. What colour is it? It’s my favourite colour құралымен танысу. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс әрекет жасау дағдысын қалыптастыру;
Жүйелік - әрекеттік: Қарым қатынас міндеттеріне сәйкес ауызша нысандағы сөйлемді саналы түрде құру.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, good morning,
Good morning, to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
- Good morning, good morning,
We are glad to see you!
- How are you?(cl: Fine, thanks.) Sit down, please.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Бүгін біз түстерді белгілейтін сөздермен танысып, түстерді атап үйренеміз.

3. Тірек білімді белсендіру. Фонетикалық жаттығу - Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow - мен амандасыңдар. - Балалар, мен кеше өзімнің кішкентай достарыммен ойыншықтарт сататын дүкенде болдым. Айтыңдаршы, маған қандай ойыншық ұнады деп ойлайсыңдар: yellow yo – yo!
j - yes, yellow, yummy, yummy. Repeat: j, j, j
Мына өзгешн дыбыс осыған ұқсас u: u: u:
Let’s practise! Listen and say after me:
U: blue, two, you, room, school.

4. Жаңа материалмен жұмыс
1 - жаттығу. learn the colours.
Look at this picture, listen and repeat after me. Мұғалім сары күн, жасыл жапырақ, қызыл шарб көгілдір аспан бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Күнге қараңдар, оның түсі сары. Енді ағылшын тілінде айтып көрейік: Yellow.
Ал енді жапырақтың түсі қандай? Дұрыс, жасыл: Green. шар қызыл: Red. Аспан көгілдір екенін білеміз: Blue.
Track 25.

I like red and I like blue
I like yellow and green
I like red and I like blue
I like yellow and green.
Карточкамен жұмыс жүргізу і - жаттығуды орындауға болады ауысуға көмектеседі. answer the guestion. What colour is it? Оқушылар сұраққа жауап береді.
Зейінді бол ойыны. Мұғалім қызыл, көк, жасыл, сары түстерді көрсетіп: It’s red. It’s blue. It’s yellow It’s green дейді. Егер ол түсті дұрыс атаса, балалар келіседі: Yes, it’s red Егер келіспесе: No, it’s blue , дейді.

Track 26. 1 - сурет. Bota: What colour is it?
Muni: It’s yellow. It’s my favourite colour.
2 - сурет. Misha: What colour is it?
Olya: It’s blue. It’s my favourite colour.
3 - сурет. Alibek: What colour is it?
Anar: It’s green. It’s my favourite colour.
4 - сурет. Bota: What colour is it?
Misha: It’s blue. It’s my favourite colour.
5 - жаттығу Pair work. Ask and answer.
- Ал енді, балалар, бір - біріңе заттарды көрсетіп, What colour is it? деген сұрақты қойып, оған жауап беріңдер.

5. Сергіту сәті
Green frogs jump оқушылар жаттығудағы мұғалімнің нұсқауларына сәйкес орындайды. Мұғалім әр баланың құлағына бір тұстің атын атап сыбырлап айтады. Мен құлақтарына сыбырлап бір - бір түстен атадым. Мен түсті атағанда, осы түстегі бақалар секіруге тиіс.
– Yellow frogs, jump!
- Green frogs, jump!
Дәптермен жұмыс
1 - жаттығу. Colour.
2 - жаттығу. Listen and circle the right picture.

6. Сабақты қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Бүгінгі сабақ туралы ата - аналарыңа не айтып бересіңдер?
- Жарайсыңдар! Бүгінгі сабақта түстерді белгілейтін жаңа сөздермен таныстыңдар. What colour is it? деген сұрақты қоюды және оған жауап беруді үйрендіңдер. (Әр баланың сабақтағы жетістіктерін атап өту өте маңызды.) Қандай жақсы баласыңдар! Well done!



Ұқсас жұмыстар

Мектепке дейінгі жүйесіндегі үштілдік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы
Бастауыш сыныптарда өнер және айналадағы орта сұлулығы туралы әңгімелеудің практикалық дағдыларын қалыптастырудың рөлі
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағының жоспары, құрылымы, сипаттамасы
Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекілікті қолдану жолдары
Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту
Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдану
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ «АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Жаңа экономикалық сасат жылдарындағы Қазақстан.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ