Жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту
Мақсаты
Жолда жүру ережелері мен жол белгілерімен таныстыру; жол ережесін мұқият сақтауға үйрету; жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Балаларды зейінді, епті, сақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- •Бағдаршам
- •Жол белгілері
- •Жол қауіпсіздігі туралы суреттер
Әдіс-тәсілдер
- •Әңгімелеу
- •Түсіндіру
- •Ойын
- •Сұрақ-жауап
Командалар
Ортамызға Қызыл, Сары, Жасыл командаларын шақырамыз.
Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, балалар, апайлар! Жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру — отбасының, балабақшаның, жалпы қоғамның қасиетті борышы.
Балабақшамыздың негізгі мақсаты — жас ұрпақты болашақта халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы болатын, дені сау, сымбатты, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Өлең жолдары
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай бәрін білмей басылармыз?
Жол жүру ережесін сақтай білер,
Тәртіп пен сақтық сүйер — жас ұланбыз.
Көрініс: «Ереже білмесең…»
«Үлгілі жолаушы» сайысымызды бастамас бұрын, балаларымыздың жолда жүру ережесі туралы шағын көрінісін тамашалайық. Кейіпкерлер: Дәрігер, Түлкі, Қоян (бетперде киген балалар).
Жүргізуші
Кішіге де, үлкенге де, жасыңа да, кәріңе де,
Жәрдемін беретін жандардың бәріне.
Шипагер апамыз біз үшін әбігер,
Себебі ол кісі білікті — дәрігер.
(Балалар құрметпен қол соғады. Осы кезде Қоян құлағын ұстап, Түлкі ақсаңдап кіреді.)
Диалог
Түлкі:
Екеуіміз жүгіріп ойнадық, қуыспақ.
Қоян:
Аулада шап беріп, алмақшы қу ұстап.
Түлкі:
Ал Қоян зып беріп жөнелді.
Қоян:
Аула тар болса, қайтейін мен енді?
Түлкі:
Қоянды қуам деп тапқаным —
аяқтан айырылып, ақсақ болып қалғаным.
Қоян:
Машинаның астынан жүгіріп өттім ғой.
Құлағым темірге ілініп қалыпты.
Дәрігер:
Құлақ пен аяққа жағатын дәрі бар,
ереже білмесең — емхана табылар.
Мыналарды тезірек емханаға жеткізейік.
(Кейіпкерлер шығып кетеді.)
Түйін
Балалар, көрдіңіздер ме? Мұның бәрі — тәртіп бұзып, жол ережесін білмегендіктен болған жағдай.
(Осы тұста жолда жүру ережесі туралы бейнеролик көрсетіледі.)
Сайыстың басталуы
«Бала тәрбиелеген тәрбиеші — бала болып ойлайды, бала өсірген ата-ана — бала болып ойнайды», — деп сайысымызды бастаймыз.
Сайыс шарттары
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
- Тапқыр
- Кім жылдам?
- Кім епті?
- Орныңды тап
- Қорытынды
Қазылар алқасы
Қазылар орнықтырар әділдікті —
кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Ендеше, сайыскерлерімізге әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.