Қазақтың дастарқаны
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақтың мақсаты — ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру, ой қозғау әдістері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетімен әрекет ету дағдыларын дамыту және пәнге қызығушылығын күшейту.
Көрнекіліктер
- Сызбалар
- Тағам үлгілері
- Суреттер
Негізгі нәтиже
Оқушылар ұлттық тағам түрлерін ажыратып, жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлем құрайды, мәтінді мазмұндайды және салыстыру тапсырмаларын орындайды.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Амандасу
- 2 Кезекшінің есебі
- 3 Сабақтың мақсатымен таныстыру
II. Қазақтың дастарқаны
Қазақ халқы үшін дастарқан мен дәмнен қастерлі нәрсе жоқ. Сондықтан асқа шақырғанда қонақты көп күттірмеу — сыйластықтың белгісі.
Қазақтың ұлттық дастарқанындағы негізгі тағам түрлері:
Ет тағамдары
Ең негізгі ұлттық тағам — қазақша ет (бесбармақ).
- Қуырдақ
- Қазы
- Шұжық
- Жая
Нан тағамдары
- Бауырсақ
- Жалпақ нан
- Таба нан
- Самса
- Бәліш
Сүт тағамдары
- Қымыз
- Шұбат
- Айран
- Құрт
- Ірімшік
- Сарымай
- Қаймақ
- Сүзбе
III. Жаңа сөздер
Мұғалім сөздерді оқып, аударады, оқушылар қайталайды.
Қонақ
гость
Бесбармақ
мясо по-казахски
Қуырдақ
обжаренное мясо
Бата
благословение
Қымыз
кобылье молоко
Шұбат
верблюжье молоко
Әзірлеу
приготовить
Тамақ
пища, еда
Құрметтеу
уважать
IV. Жаңа сөздермен сөйлем құрау
Мысалдар:
Қонақ келді.
Анам бесбармақ пісірді.
Әкем қымыз бен шұбат әкелді.
Қонақ бата берді.
V. Деңгейлік тапсырмалар
Жұмыс түрлері
- Мәтінді мазмұндау
- Өлең оқу
Өлеңдер
Қымыз
Қымыз — бие сүті ғой.
Ұнаса, тағы іше ғой.
Қымыздан көп пайда бар,
Нағыз қымыз тауда бар.
Қымыз — сусын тамаша,
Бойымызға тараса.
Сүт
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
Ө. Тұрманжанов
VII. Мақал-мәтел жазу және жаттау
Оқушылар тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді жазып, жаттап, мағынасын түсіндіреді.
VIII. Венн диаграммасы
Қазақ және орыс халқының тағамдарын салыстырып, ортақ белгілерін анықтау.
Қазақ халқының тағамы
- Қуырдақ
- Қымыз
- Шұбат
- Ірімшік
- Құрт
- Көже
Ортақ белгілер
- Нан
- Ет
- Қуырады
- Пісіреді
- Қайнатады
Орыс халқының тағамы
- Котлет
- Борщ
- Квас
- Кисель
- Ботқа
IX. Үй тапсырмасы
«Қазақтың дастарқаны» мәтінін оқу, мазмұндау.
X. Бағалау
Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және жаңа сөздерді қолдануы бойынша бағалау жүргізіледі.