Өлең көктем мезгілі жайлы
Сабақ: «Көктем келді»
2-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы. Негізгі мәтіндер: Мүбарак Жаманбалиновтың және Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдері.
Сабақтың мақсаты
- Өлеңнің мазмұны мен мағынасын түсіндіру; шумақтарды мәнерлеп, түсініп оқуға жаттықтыру; көркем тілмен мазмұндауға үйрету.
- Есте сақтау, талдау, салыстыру, өздігінен ойлау дағдыларын дамыту; жүйелі сөйлеуге және өз білімін бағалай білуге дағдыландыру.
- Жауапкершілікке, бірін-бірі құрметтеуге, табиғатты сүйіп, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары (уақыт бөлінісі)
Ой түйін: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі». — Ы. Алтынсарин
Сабақтың барысы
Топқа бөлу
Оқушылар білімін көрсету және бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін сынып 3 топқа бөлінеді:
- 1-топ Наурыз
- 2-топ Сәуір
- 3-топ Мамыр
Тілек айту тапсырмасы
Әр топ парақшадағы сөздерді пайдаланып, бір-біріне ізгі тілек айтады. Мақсат — жақсы қасиеттерді таңдауға және жағымсыз әдеттерден алшақ болуға үйрету.
Жақсы қасиеттер
Талап, Отан, Еңбек, Ел, Рақым, Халық, Терең ой, Ата-ана, Қанағат, Мектеп, Білім, Туған жер
Жағымсыз қасиеттер
Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Қызғаншақ, Ұқыпсыз
Топтық қорғау: сөзжұмбақ құрастыру
Тілек айтудан кейін әр топ өз атауына байланысты сөзжұмбақ құрастырып, қорғайды. Қорғау барысында әр топ көктем туралы шағын шумақтармен жұмыс жасайды.
1-топ — Наурыз
Жасыл дөңге, көк белге,
Жаңбыр төгіп өткенде,
Жауқазындар бүр жарып,
Құлпырады көктемде.
2-топ — Сәуір
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
3-топ — Мамыр
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.
Үй тапсырмасын тексеру
Әр топтан бір оқушы Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқиды. Сұрақтар арқылы түсіну деңгейі бағаланады.
1) Өлеңнің мазмұны кім туралы?
Өлеңнің мазмұны атай туралы.
2) Өлеңдегі негізгі ой қандай?
Негізгі ой — атайдың еңбекқорлығы мен әңгімешілдігі.
3) Өлеңде жылдың қай мезгілі айтылады?
Көктем мезгілі.
Сурет бойынша: көктемгі еңбек түрлері
Жер жырту, ағаш отырғызу, ағаш дінін әктеу, егіс алқабын дайындау және т.б.
Ой қозғау: «Пресс-конференция»
«Балғын зерттеушілер» Мұзафар Әлімбаев туралы дерек жинайды. «Журналистер» сұрақ қояды, зерттеушілер жауап береді. Мұғалім жетекші ғалым ретінде жауаптарды толықтырады.
Мұзафар Әлімбаев туралы қысқаша дерек
- 1923 жылғы 29 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында туған.
- Ақын, жазушы. 300-ге жуық өлеңіне ән жазылған.
- Өлеңдері 38 тілге аударылған.
- Кітаптары: «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Шынықсаң шымыр боласың» және т.б.
Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ: өлең атауын табу
Суреттердің бірінші әріптерін қосып, бүгінгі өлеңнің атауын шығарамыз:
Шешуі: «Көктем келді».
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы зейінді сергіту:
Қолымызбен соқ-соқ-соқ.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды сілкейік,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
М. Жаманбалинов — «Көктем келді» (топтық жұмыс)
Өлеңді әр топ кезекпен мәнерлеп оқиды. Оқылғаннан кейін қысқа сұрақтар арқылы негізгі мазмұн анықталады.
1-топ сұрағы
Өлеңді жазған кім? — М. Жаманбалинов.
2-топ сұрағы
Өлең жылдың қай мезгілі туралы? — Көктем туралы.
3-топ сұрағы
Өлеңге қандай ат қоюға болады? — «Көктем келді».
Өлеңге сай қимыл-қозғалыс
Күркіреді күн-күн…
Терезелер шың-шың…
Жауды жаңбыр топ-топ…
Шелек-шелек көп-көп!
Жон арқаңды тос-тос,
Күнбағыс, тез өс-өс!
М. Әлімбаев — «Көктем келді» (оқылым және талдау)
- 1Өлеңді мәнерлеп оқу.
- 2Әр шумақты жеке оқып, айтылған ойды табу.
- 3Өлеңді іштей оқу.
- 4Өлеңді дауыстап оқу және соңындағы тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма: көктем белгілері
I топ
Күннің жылуынан көлдің мұзы мен жердегі аппақ қар ериді.
II топ
Күн күркірейді, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
III топ
Ағаштар бүршік жарады, құстар қайта оралады. Жер беті кілем төсегендей құлпырады.
2-тапсырма: екі өлеңді салыстыру
Салыстыру арқылы оқушылар ортақ тақырып пен көркемдік ерекшелікті ажыратады.
Шығармашылық тапсырмалар
I топ
Слайд бойынша «Көктем келді» тақырыбында шағын эссе жазу.
II топ
«5 жолды өлең» құрастыру.
III топ
«Көктем» тақырыбында сурет салу.
Сабақты бекіту
Семантикалық карта (интерактивті тақта)
Кестеде авторларға қатысты шығармаларды тауып, «+» белгісін қойып, таңдауды дәлелдейді (мысал келтіреді).
Талдау сұрағы: Неліктен дәл осы бағандарға «+» қойдыңдар? Ойды нақты дәлелмен бекіту.
Ойындар және қорытынды жұмыс
-
«Қалт еткізбей қағып ал»
Жылдам жауап беру арқылы өткенді қайталау.
-
«Пікір ағашы»
1-топ — Абай ата; 2-топ — Мұқағали ата; 3-топ — Ыбырай ата ағашын толтыру.
Көктем айындағы мерекелер
Сұрақ 1
Аналар мерекесі қашан тойланады?
Сұрақ 2
Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады?
Сұрақ 3
Наурыз көже қалай дайындалады?
Үй тапсырмасы
- М. Жаманбалинов пен М. Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
- Ақындар туралы қосымша мәлімет жинау.
- «Көктем» тақырыбына сурет салу.
- Қосымша: «Ана тілі» туралы бір шумақ өлеңді үнтаспадан тыңдау.
Сабақтың қорытындысы (өлең жолдарымен)
Ауа қандай, дала қандай әдемі,
Көктем, көктем, болармысың кәделі.
Сенің мынау ұланғайыр сыйыңнан,
Туған жердің жаңарады бедері.
Автор туралы мәлімет
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Джандарбекова Айгүл Шәмшиевна.