Қасиетті Құран Кәрім жайында

Сабақтың тақырыбы

Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім туралы

Пән

Әдебиет

Сынып

5-сынып

Сабақ типі

Білімділік, біліктілік-дағды қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, география

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ислам дінінің негізгі қасиетті кітабы — Құран Кәрімнің түсу тарихын түсіндіру, ондағы сүрелер мен аяттардың тәрбиелік мәнін ашу. Құран Кәрімнің рухани білімге толы қасиетті кітап екенін ұғындыру.

Дамытушылық

Оқушының жеке тұлға ретінде қоршаған ортаға қатысты өзіндік көзқарасын қалыптастыру, тіл мәдениетін және сөйлеу шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік

Балаларды жастайынан жан дүниесін, ішкі әлемін имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа баулу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу, танысу.
  2. 2 Оқушыларды 4 топқа бөліп, топ атауын таңдауға бағыттау.

I топ

Әділет

II топ

Ақиқат

III топ

Шындық

IV топ

Парыз

2) Үй тапсырмасын тексеру және қорыту

Тексеру

Әр топтан мәтін бойынша терме диктант алынады.

Қорытуға сұрақ

«Бала Сырым сенің ойыңша қандай бала?»

Үлгі жауап

Бала Сырым — ата-ана мен үлкендердің тәрбиесін көрген зерек, ақылды, қажет кезде сөз таба білетін шешен бала. «Қырықтың бірі — Қыдыр, маған бәлкім Қыдыр дарыған шығар, ата» деген сөзі оның алысты пайымдайтын даналығын аңғартады.

Ассоциация әдісі

  • I және II топ: Сырымға мінездеме береді.
  • III және IV топ: Ерболға мінездеме береді.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау жұмысы INSERT әдісі арқылы ұйымдастырылады.

Білемін

Тақырыпқа қатысты бұрыннан бар білімді анықтау.

Үйренгім келеді

Қызықтыратын сұрақтарды белгілеу.

Білдім

Сабақ соңында жаңа білімді қорытындылау.

Мағынаны тану

Төрт топқа мәтін жазылған кеспелер беріледі. Оқушылар бірлесе оқып, өзара талқылап, түсінгенін қысқаша баяндайды.

I топ

Ислам діні туралы

II топ

Қасиетті Құран Кәрім туралы

III топ

Құран Кәрімнің сақталуы

IV топ

Құран Кәрімнің кереметтілігі

Ой толғаныс және бекіту

Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтар

  1. 1) Құранда неше сүре бар?
  2. 2) Дін адамды қандай болуға тәрбиелейді?
  3. 3) Алла Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға жеткізген алғашқы сөзі қандай?
  4. 4) Ең қасиетті кітабымыз қалай аталады және Құран Кәрім қанша жылда түсті?

Дәптермен жұмыс

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді анықтап, түсіндірме жазу. Терминдер мен жаңа ұғымдарды сөздік дәптерге белгілеу.