Жай бөлшек және аралас сан жағалауы

Ашық сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.

Оқу мақсаты (бағдарламаға сәйкес)

  • 5.1.2.16 — жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.
  • Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйренеді және есептер шығарады.

Оқушылардың басым бөлігі

Тақырып мазмұнын түсінеді, оны өмірмен байланыстырады және қорытынды ойын жазбаша тұжырымдауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар

Ойын элементтері бар тапсырмалар арқылы қабілеті мен бейімділігін дамытады, шапшаңдық пен ептілікке үйренеді.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру (2–5 минут)

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Сабаққа дайындықты тексеру.

«Жорық қағазы» (6–38 минут)

Сабақ бірнеше «айлақтан» тұрады. Әр кезеңде оқушылар білімін бекітіп, қолданады.

  • Айлақ «Тренинг»
  • Айлақ «Біліктілік»
  • Айлақ «Есеп шығару»
  • Айлақ «Есте сақта»
  • «Қорытынды ойлау»
  • «Жай бөлшек және аралас сан жағалауы»

Айлақ «Тренинг»

Уақыты: 5 минут

Қайталау — оқу айнасы

Шарты

Слайдта 9 ұяшық беріледі, әр ұяшықтың артында сұрақ жасырылған. Дұрыс жауап берген топ ұяшықтағы ұпайды алады.

Сұрақтар

  1. 1) Қандай сандар 2-ге бөлінеді?

  2. 2) Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

  3. 3) Қандай сандар 9-ға бөлінеді?

  4. 4) Жай сандар деп қандай сандарды атайды?

  5. 5) Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?

  6. 6) Қандай сандарды жұп және тақ сандар деп атайды?

  7. 7) Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

  8. 8) Берілген натурал сандардың ЕКОЕ деп қандай санды атайды?

  9. 9) Берілген сандардың ЕҮОБ деп қандай санды атайды?

Айлақ «Біліктілік»

Уақыты: 5 минут

Графикалық диктант

Нұсқаулық

Тұжырымдарды өз бағандарына орналастырыңдар: «___» — иә, «˄» — жоқ.

Тұжырымдар

  • Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

  • 6/24 және 3/18 бөлшектері қысқарылмайтын бөлшектер.

  • Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады.

  • 15 минут — сағаттың 1/4 бөлігі.

  • Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.

  • Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.

  • 25/44 бөлшегі — дұрыс бөлшек.

  • Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1-ден үлкен.

  • 2/5 бөлшегі координаталық сәуледе 4/5 бөлшегінің оң жағында орналасады.

  • Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.

Мұғалім туралы мәлімет

Мұғалімнің аты-жөні

Абдиева А. Қ.

Тақырып

Жай бөлшектерді және аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.