Сілтілердің химиялық қасиетін жазыңдар
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Қазалы ауылы • №100 орта мектеп
Жоғары санатты химия пәні мұғалімі: Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы
Сабақтың тақырыбы: Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Бейорганикалық қосылыстар кластарын еске түсіре отырып, тұздарға жалпы сипаттама беру; тұздарды жіктеу, алу жолдары және химиялық қасиеттері туралы жүйелі мағлұмат қалыптастыру; алған білімді іс жүзінде сауатты әрі шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды сабақ барысында жеке, топтық және ұжымдық қарым-қатынасқа баулу; өз ой-пікірін еркін білдіруге, бірін-бірі тыңдауға, сыйластыққа, достық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекіліктер
- Сызба, слайд
- Электронды оқулық
- Кестелер
- Бейне тәжірибе
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау
- Оқыту формасы
- Топтық және жеке жұмыс
- Сабақтың түрі
- Сайыс сабақ
Сабақтың барысы
I кезең: Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II кезең: Үй тапсырмасын тексеру
Ертегі арқылы бейорганикалық қосылыстардың негізгі қасиеттерін қайталау және байланыстарын анықтау.
III кезең: Жаңа сабақ
Тұздардың анықтамасы, жіктелуі, алыну жолдары және химиялық қасиеттерін меңгеру.
Ертегі арқылы шолу: бейорганикалық қосылыстар әлемі
Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде Бейорганика деген қария өмір сүріпті. Оның төрт ұлы болыпты.
Бір күні қария балаларын жинап алып: «Балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын. Талапты азамат ертеңгі күнін ойлайды. Сендерге бір апта уақыт беремін: жан-жақты зерттеп, шарлап, әрқайсың өміріңе азық болатын бір зат әкеліңдер», — деп өсиет айтыпты.
Уәделі күні ұлдары сапардан олжалы оралыпты. Ендеше, ұлдары кімдер, олжалары не?
Жауабы
-
Оксид
Қышқылдық оксидтер, негіздік оксидтер.
-
Негіз
Сілтілер және негіздер.
-
Қышқыл
Оттекті және оттексіз; негізділік ұғымы.
-
Тұз
Келесі бөлімде анықталады: алынуы, жіктелуі, қасиеттері.
Содан бері әкелген олжалары олардың өмірлік азығына айналыпты. Осы байланыстардың ішінен тұздың қалай пайда болатынына ерекше көңіл бөлеміз.
Қайталау сұрақтары (үй тапсырмасы бойынша)
- 1 Қышқылдар дегеніміз не? Қышқылдың негіздік оксидпен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар. Түзілген зат қай класқа жатады?
- 2 Қышқылдар неше топқа жіктеледі?
- 3 Оттекті қышқылдарға мысал келтіріп, оларды атаңдар.
- 4 Оттексіз қышқылдарға мысал келтіріп, оларды атаңдар.
- 5 Қышқылдарды алудың неше әдісі бар? (3 әдіс)
- 6 Негіздер дегеніміз не? Негіздердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесу теңдеуін жазып, түзілген заттың қай класқа жататынын атаңдар.
- 7 Қышқылдардың тағы қандай химиялық қасиеттерін білесіңдер?
- 8 Сілтілердің химиялық қасиеттерін жазыңдар.
Қышқыл, негіз және оксидтердің өзара әрекеттесуінен тұз түзілетініне көз жеткіземіз. Ендеше, негізгі сұрақ: тұз дегеніміз не?
Жаңа тақырып: тұздарға кіріспе
Нені білгіміз келеді?
- Тұздардың жіктелуі
- Тұздарды алу әдістері
- Тұздардың химиялық қасиеттері
- Теңдеулерді сауатты құрастыру және қолдану
Анықтама
Тұздар — металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Оқу әрекеті
Тұздардың алыну жолдары демонстрациялық және бейне тәжірибелер арқылы көрсетіледі. Реакция теңдеулерін оқушылар өздері құрастырып жазады.