Шумен күресу жолдары

Сабақтың тақырыбы

Шу және оның тірі организмдерге әсері. Шумен күресу жолдары.

Жалпы мақсат

Оқушыларды топқа біріктіру арқылы олардың ойларын жан-жақты талқылауға мүмкіндік беру. Сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін сұрақтар қою және тақырыпты өмірмен байланыстыратын мысалдар арқылы мазмұнын ашу.

Мұғалімдер үшін күтілетін оқу нәтижелері

1

Оқушыларды топқа бөлу арқылы әр топта жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

2

Берілген тапсырмаларды бір-бірімен ақылдаса отырып талдау дағдыларын дамыту.

3

Бірін-бірі бақылау, сұрақ қою және пікірді кеңейту арқылы оқушыларды тақырыпқа тереңірек енгізу.

4

Топ ішінде белсенді және белсенділігі төмен оқушыларды жұптастыру арқылы төмен белсенділікті оқушыларды ынталандыру.

5

Топ атауларын тақырыппен байланыстырып қою арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Сабақта қалыптасқан негізгі идеялар

1) Суреттер арқылы ой қозғау

Берілген суреттер негізінде топ мүшелері шудың және оның тірі организмдерге әсерінің қырларын талқылап, шумен күресу жолдары туралы ойларын қағазға түсіреді.

2) Топаралық бөлісу

Әр топтан бір оқушы жазған ойларын келесі топпен бөлісіп, пікірлерді толықтырады және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.

3) Проблемалық эссе

Әр топ «Шумен күресу жолдары» тақырыбында проблемалық эссе жазып, ұсыныстарын дәлелдермен негіздейді.