Дүкенде алма
Сабақтың тақырыбы
Азық-түліктер
Мақсаты
Азық-түліктің қазақша атауларын меңгерту және оқушылардың сөздік қорын молайту.
Міндеттері
- Азық-түлік түрлерін танып-білу және ажырату.
- Атауларды екі тілде айта алу.
- «Дүкенде» рөлдік ойынын ойнай білу.
- Топпен жұмыс жасау дағдысын дамыту.
Күтілетін нәтиже
- Азық-түлік түрлерін ажырата алады.
- Азық-түлік атауларын қазақша айта алады.
- Дүкенде рөлдік ойын ойнай алады.
- Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қалыптасады.
- Тіл байлығы дамып, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру кезеңі
Өлең жолдары
Алма кетті домалап,
Көше бойын жағалап.
Кім алманы табады,
Сол «бестік» баға алады.
Топқа бөлу
I топ
Азық-түліктер
II топ
Жемістер
III топ
Көкөністер
Өзін-өзі бағалау парағы түсіндіріліп, оқушыларға үлестіріледі.
Сабақтың барысы
Жылы амандасу
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Үй тапсырмасын бекіту
Жалғаулықтар
Жалғаулықтар — сөздерді байланыстыратын шылау түрі. Олар екі сөзді бір-бірімен жалғастырып тұрады.
Тапсырма
Мен / бен / пен жалғаулығын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
- Мен жаз____ қысты ұнатамын.
- Дүкенде алма____ алмұрт сатылады.
- Анам шұжық пен қазы сатып алды.
- Сәуле____ Айман азық-түлік дүкеніне барды.
- Олар қаймақ____ сүт сатып алды.
Ой қозғау
Анаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Сұрақ: Не деп барып жеу керек?
Жауап үлгісі: «Рақмет сізге», — деу керек.
Жаңа тақырып: «Дүкен» ойыны
Диалог үлгісі
Сатушы
— Сәлеметсіз бе?
Сатып алушы
— Сәлеметсіз бе!
Сатушы
— Не сатып аласыз?
Сатып алушы
— Мен нан, шай, айран аламын.
Баға сұрау
— Айран қанша тұрады?
— Бір литр айран 60 теңге тұрады.
— Міне, алыңыз.
— Нан қанша тұрады?
— Нан 30 теңге тұрады.
— Маған екі нан беріңізші.
— Міне, алыңыз.
Қоштасу
— Рақмет, сау болыңыз!
— Сау болыңыз.
Сөздікпен жұмыс
5 минут
Мәтінмен жұмыс
«Азық-түлік» мәтіні · 3 минут
Мәтін: «Азық-түлік»
Адамға азық-түлік өте қажет. Адам күніне үш рет тамақтанады. Азық-түлікте адамға қажетті витаминдер бар. Азық-түлік әр түрлі болады: сүт тағамдары, ет тағамдары, жеміс-жидектер және көкөністер.
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Топтық жұмыс
I топ: Жалғаулықтар арқылы байланыстыру
Берілген сөздерді жалғаулықтар арқылы байланыстырыңыз.
- Сүт____ нан
- Айран____ кәмпит
- Су____ шырын
- Шұжық____ сәбіз
- Алма____ жүзім
- Алмұрт____ шай
- Жұмыртқа____ ірімшік
II топ: «Маған/Саған ... керек»
Үлгі: Маған сүт керек.
Маған ____ керек.
Маған ____ нан керек.
Маған ____ керек.
Саған ____ керек.
Саған ____ керек.
Саған ____ керек.
III топ: Сөйлем құрастыру
Сөздерді дұрыс ретпен орналастырып, сөйлем құрастырыңыз.
- Базарда, азық-түлік, дүкенде, сатылады.
- Тамақтану, күніне, үш рет, қажет, адам.
- Адамға, күш, ас, береді.
- Азық-түлік, өте, қажет, адамға.
Тест
1) Сәйкестікті тап
Қазақша
- нан
- май
- айран
- шұжық
- шай
- қант
- ірімшік
- сусын
- шырын
Орысша
- хлеб
- масло
- кефир
- колбаса
- чай
- сахар
- сыр
- напиток
- сок
2) Адамға ________ азық-түлік керек.
- A) Жазда
- B) Күнде
- C) Кеше
- D) Ертең
3) Адам күніне ________ тамақтанады.
- A) Үш рет
- B) Досымен
- C) Сыныпта
- D) Асханада
4) Май, айран, ірімшік — ________.
- A) Ет тағамдары
- B) Сүт тағамдары
- C) Ұн тағамдары
- D) Жемістер
5) Шұжық, қазы, қуырдақ — ________.
- A) Ұн тағамдары
- B) Жидектер
- C) Ет тағамдары
- D) Сүт тағамдары
6) «Азық-түлік дүкені» сөзінің аудармасын тап.
- A) Обувной
- B) Продуктовый
- C) Мебельный
- D) Овощной
Үй тапсырмасы
Оқу
142-бет: сөз жаттау.
Жазылым
4-тапсырма: мәтін мазмұнын баяндау.
Кері байланыс және бағалау
Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қағазға түсіреді.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағаланады.