Неткен тамаша мезгіл

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
К. Д. Ушинский — «Төрт тілек» (слайд)
Пәні
Әдебиеттік оқу (3-сынып)
Сабақ түрі
Жаңа материалды меңгерту
Оқыту әдістері
Көрнекілік, әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер

  • АКТ (презентация, слайдтар)
  • К. Д. Ушинскийдің портреті
  • Жазушының кітаптары

Сабақтың өзегі — жыл мезгілдерінің әрқайсысының тіршілік үшін маңызын ұғындыру және мәтінмен жұмыс арқылы оқушының оқу, талдау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақ мақсаттары

Білімділік

Әр жыл мезгілінің тіршілік үшін маңызын ұғындыру; оқу және таңдап оқу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

Шығармашылық ойлауын, сөйлеу мәдениетін, талдау және пікір білдіру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Көркем әдебиет оқуға қызығушылық ояту және табиғатқа жанашыр, қамқор көзқарас қалыптастыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: Қоңырау соғылды — сабақ басталды. Бір-бірімізге күлімсіреп қарайық. Бүгін бәріміз біргеміз: қайырымдымыз, мейірімдіміз, көңіл-күйіміз жақсы.

Терең тыныс алып, жайлап шығарайық. Кешегі реніш, өкпе, уайымның бәрі тыныспен бірге сыртқа шықсын. Оларды ұмытайық. Сабақты ұйымшылдықпен, бірлесіп өткізейік.

Тіл дамыту жаттығулары

1) Дыбыс артикуляциясы

а–у, а–о, ы–і, ұ–ү;
аоуиэ; аиуоэ; ауиоыэ

2) Сөздерді оқу

  • шұнақ
  • зәрлі
  • жалаңдап
  • ұшпадай
  • үскірік
  • шидем
  • домбығып

3) Үй тапсырмасын тексеру

С. Сейфуллин «Қызыл шұнақ» өлеңі:

  1. Көзбен оқу
  2. Сыбырлап оқу
  3. Дауыстап оқу
  4. Жай оқу
  5. Жылдам оқу

Қыс келбеті тақырыбы бойынша суреттерді тамашалау және қыс мезгіліне қатысты жұмбақ айту.

II. Тақырыпты меңгертуге дайындық

Бүгінгі сабақ — ерекше сабақ. Әр адамның арман-тілегі болады. Сенің қандай тілегің бар? Нені армандайсың? Ойыңды дәптерге жаз.

Монитордан сабақ тақырыбын іштен оқыңдар: К. Д. Ушинский — «Төрт тілек».

Жазушымен таныстыру (слайд бойынша)

Константин Дмитриевич Ушинский — орыстың ұлы педагог-жазушысы. Ол 1824 жылы 19 ақпанда Тула қаласында дүниеге келген. Әкесі — 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан офицер Дмитрий Григорьевич Ушинский.

Анасы — Любовь Степановна. Ушинский 12 жасында анасынан айырылған.

Ол Новгород-Северский гимназиясында оқып, кейін Мәскеу университетіне түскен. Оқуын аяқтаған соң мұғалім болып жұмыс істеген.

Балаларға арнап көптеген кітаптар жазды: «Балалар әлемі», «Туған тіл», «Таңғы сәулелер», «Төрт тілек», «Бишка» және т.б.

Жазушы шығармалары көбіне жануарлар, балалар және табиғат тақырыбына арналған. (Слайдта кітаптарының мұқабаларын көрсету.)

III. Тақырыпты меңгерту

1) Мәтінді тыңдау

«Төрт тілек» әңгімесін мұғалім оқып береді.

2) Сөздік жұмысы

«Қуанышы қойнына сыймау» — қатты қуану, шаттану.

3) Талдау сұрақтары

  • Әңгімеде кімдер сөйлеседі?
  • Олар не туралы айтады?
  • Митяның төрт тілегі қандай?
  • Неліктен ол төрт мезгілдің бітпеуін сұрады?

Қорытынды идея: Табиғаттың төрт мезгілі кезектесіп айналып келіп отырады — бұл табиғаттың заңдылығы. Оны ешкім өзгерте алмайды.

Мәтінмен алғашқы жұмыс

  • Мәтінмен өз бетінше танысу және мазмұнын модельдеу.
  • Алғашқы әсермен бөлісу: шығарма ұнады ма? Неліктен?
  • Қай жыл мезгілі туралы бөлік ерекше әсер етті?

Сергіту және презентация

«Жыл мезгілдері» презентациясы: «Кәне, жылдың әр мезгіліне қонаққа барайық! Табиғат жылдың әр мезгілінде де тамаша!»

1-слайд: Қыс (жұмбақ)

Қыс мезгілі кімге ұнайды? Неге?

2-слайд: Көктем (жұмбақ)

Көктемнің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

Мәнерлеп оқу және түсініп оқу

Мәтін қалай басталады? Әңгіме неше бөліктен тұрады? Митя қай мезгілді «керемет» деп шаттана айтады — қай бөлікте?

Қай мезгілдің бітпегенін тілейді? «Ең жақсы мезгіл» деп қай мезгілге тамсанады? Лепті сөйлемдерді дауыс ырғағымен дұрыс оқуға назар аудару.

Жоспармен жұмыс

Дайын жоспардың дұрыстығын талқылау: «Менің жоспарыммен келісесің бе?» — қате тұстарын табу, түзету, толықтыру.

Қосымша тапсырма

К. Ушинскийдің тағы бір шығармасынан: «Қыс кемпірдің әлегі» ертегісін бір оқушы мазмұндап береді.

Сабақты қорытындылау

Қайталау сұрақтары:

  • Кімнің әңгімесімен таныстық?
  • Ол кім?
  • Сонымен, қай жыл мезгілі жақсы?

Негізгі түйін: Жылдың әр мезгілі қажет және маңызды.

Мақал-мәтелдер

  • Қысқа шанаңды жаз сайла.
  • Сәуір болмай, тәуір болмас.
  • Күз — молшылық белгісі.

Презентацияның 3–4-слайдтары: Жаз және Күз. «Кәне, жылдың әр мезгіліне қонаққа барайық!»

Шығармашылық жұмыс және үй тапсырмасы

1) Синквейн құрастыру

Синквейн — белгілі құрылымы бар, 5 жолдан тұратын шағын өлең.

  1. Тақырып (мысалы: Қыс)
  2. 2 сын есім
  3. 3 етістік
  4. Автор ойы (4 сөзден тұратын сөйлем)
  5. Ассоциация

Мысал

Қыс
Қарлы, аязды.
Сықырлайды, домбықтырады, үсіреді.
Балалар үшін қызықты мезгіл.
Аяз.

2) Үй тапсырмасы

Жыл мезгілдері туралы шығармаларды оқу.

Қосымша ой: өз тілектеріңді Митяның тілегімен салыстырып, қысқаша пікір жазып келу.