Ұяшықта ұпай сандары
«XXI ғасыр көшбасшысы» спорттық-интеллектуалдық сайысының жоспары
Бұл материал дене тәрбиесі мен спорт құндылықтарын кеңейте отырып, оқушылардың жылдам ойлауын, қимыл шапшаңдығын және командалық рухын дамытуға бағытталған.
Сабақтың тақырыбы
«XXI ғасыр көшбасшысы» атты спорттық-интеллектуалдық сайыс.
Қолданылатын құрал-жабдықтар
- Слайд (интерактивті тақта)
- Ысқырық
- Баскетбол, волейбол, футбол доптары
- Әр топқа: парақ пен қалам
Сабақтың мақсаты
1) Білімді кеңейту
Дене тәрбиесі мен спорт туралы негізгі қағидаларды үйрету, білім көкжиегін кеңейту.
2) Қызығушылық пен құндылық
Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына сүйіспеншілігін арттыру; денсаулыққа, білімге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; еліміздің танымал спортшыларын үлгі ету.
3) Шапшаңдық пен ойлау
Жылдам қозғалу, тез ойлау, түсіну және әрекет ету қабілеттерін дамыту.
Сайыстың өту барысы
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірге «XXI ғасыр көшбасшысы» атты спорттық-интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Негізгі ой: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді дана халқымыз. Ал бүгінгі XXI ғасыр талаптары бойынша білімді де, шымыр да болу — табыстың берік негізі.
Көпшілігі спортты тек доп пен ойын деп қабылдайды. Алайда әрбір спорт түрінің өз тарихы, даму жолы, ережелері бар. Сол спорт арқылы әлемге аты шыққан даңқты спортшылар аз емес. Еліміздің намысын қорғап, биік белестерді бағындырған толағайларымызды ұмытпай, әрдайым үлгі тұтайық.
Қатысушы топтар
| Топ | Сынып | Топ капитаны |
|---|---|---|
| 1-топ | 9 «А» | ______________ |
| 2-топ | 9 «В» | ______________ |
| 3-топ | 9 «Г» | ______________ |
Әділқазылар алқасы
Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір — сарапқа салып, әділдікпен шеше біл!
- Білім бөлімінің әдіскері
- Тәрбие ісінің меңгерушісі
- №1 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі
1-сайыс: «Бәйге»
Бұл кезеңде жылдам ойлау, зейін қою және қысқа уақытта дұрыс шешім қабылдау қабілеті сыналады.
Ережесі
- Әр топқа парақ пен қалам беріледі.
- Сұрақтар интерактивті тақтада слайд арқылы көрсетіледі.
- Жауаптар параққа жазылып, кезең соңында әділқазыларға тапсырылады.
| № | Сұрақ | Жауап нұсқалары |
|---|---|---|
| 1 | Баскетбол ойынында алаңда қанша адам ойнайды? | А) 5 · Б) 10 · Ә) 6 · В) 7 |
| 2 | «Пенальти» қай спорт түріндегі айып добы? | А) Баскетбол · Ә) Футбол · Б) Волейбол · В) Хоккей |
| 3 | 2014 жылғы қысқы Олимпиада Ресейдің қай қаласында өтті? | А) Саратов · Ә) Саранск · Б) Сочи · В) Самара |
| 4 | Бокстың бір раунды қанша минуттан тұрады? | А) 2 · Ә) 4 · Б) 3 · В) 5 |
| 5 | Баскетбол себеті жерден қанша метр биіктікте орналасқан? | А) 3.0 · Ә) 3.5 · Б) 3.2 · В) 3.10 |
| 6 | Олимпиадада Ольга Рыпакова жеңіл атлетиканың қай түрінен алтын медаль алды? | А) Биіктікке секіру · Ә) Таяқпен секіру · Б) Ұзындыққа секіру · В) Үш қарғып секіру |
| 7 | Қай спорт түрінде алаңда 22 ойыншы болады? | А) Регби · Б) Хоккей · Ә) Футбол · В) Баскетбол |
| 8 | Лондон Олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров қай күрес түрінен қола алды? | А) Грек-рим · Ә) Еркін күрес · Б) Қазақша күрес · В) Дзюдо |
| 9 | Қысқы Олимпиада ойындары қанша жылда бір рет өтеді? | А) 2 · Ә) 5 · Б) 4 · В) 3 |
| 10 | Бенди ойынын қандай спорттық аяқ киіммен ойнайды? | А) Коньки · Ә) Ролик · Б) Шаңғы · В) Бутсы |
| 11 | Олимпиада ойындарының логотипі қандай? | А) 5 шеңбер · Ә) 5 ромб · Б) 5 үшбұрыш · В) 5 төртбұрыш |
| 12 | 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азиада нешіншісі? | А) 5 · Ә) 7 · Б) 6 · В) 11 |
| 13 | Футболдан 2010 жылғы әлем чемпионы атанған мемлекет? | А) Германия · Б) Испания · Ә) Бразилия · В) Италия |
| 14 | 2014 жылғы футболдан әлем чемпионаты қай мемлекетте өтті? | А) Германия · Б) Испания · Ә) Бразилия · В) Италия |
| 15 | 2016 жылғы Олимпиада қай қалада өтті? | А) Мәскеу · Б) Мадрид · Ә) Рио-де-Жанейро · В) Вена |
2-сайыс: «Білімділер»
«Білімсіздің күні қараң» деген ойды негізге ала отырып, бұл кезеңде спорт тарихы, ережелері және отандық жетістіктер бойынша білім тексеріледі.
Ережесі
- 4 тақырып беріледі, әрқайсысында 3 ұяшық (10/15/20).
- Топ ұяшық таңдап, сұраққа жауап береді.
- Егер таңдаған топ жауап бере алмаса, бірінші болып жалау көтерген қарсылас жауап береді.
- Дұрыс жауап берген топ ұпайды алады.
Тақырыптар
| № | Тақырып | Ұпайлар |
|---|---|---|
| 1 | Спорттық ойындар | 10 · 15 · 20 |
| 2 | Толағайлар | 10 · 15 · 20 |
| 3 | Спорт тарихы | 10 · 15 · 20 |
| 4 | Қысқы спорт түрлері | 10 · 15 · 20 |
Спорт тарихы
-
10 ұпайБаскетбол ойынын кім және қай жылы ойлап тапты? (Джеймс Нейсмит, 1891 жыл)
-
15 ұпайФутбол ойынының отаны қай ел? (Англия)
-
20 ұпайВолейбол қай жылдан бастап Олимпиада бағдарламасына енді? (1964)
Толағайлар
-
10 ұпайЛондон Олимпиадасында алтын медаль алған спортшыларды және спорт түрін атаңыз.
-
15 ұпайБейне-сұрақ: (Жақсылық Үшкемпіров)
-
20 ұпайАстана–Алматыда өткен Азиадада Қазақстан спортшылары қанша алтын медаль жеңіп алды? (32)
Спорттық ойындар
-
10 ұпайФутболда екі сары қағаздан кейін қандай шара қолданылады? (Қызыл қағаз)
-
15 ұпайХоккейдегі айып добы қалай аталады? (Буллит)
-
20 ұпайБаскетболда төрешінің бұл қимылы қандай ереже бұзылғанын білдіреді? («Двойной»)
Қысқы спорт түрлері
-
10 ұпайХоккей ойынының отаны қай ел? (Канада)
-
15 ұпайБенди ойыны қанша кезеңнен тұрады? (2)
-
20 ұпайВанкувер қысқы Олимпиадасында жүлдегер атанған қазақстандық спортшы? (Елена Хрусталева)
Үзіліс: флешмоб
Қазылар алқасы ұпайларды есептегенше, барлық топ ортаға шығып, жүргізушінің соңынан музыка ырғағымен жаттығулар жасайды. Ұпайы аз топ келесі кезеңде тақырыпты бірінші болып таңдайды.
3-сайыс: «Дода»
Бұл кезеңде ептілік, дәлдік және командалық үйлесім байқалады. Тапсырманы бірінші әрі дұрыс орындаған топ ұпай алады.
Баскетбол
- Допты алып жүру10
- Допты жүгіріп келіп себетке салу15
- Айып добын орындау20
Футбол
- Допты аяқпен алып жүру10
- Нысана көздеу15
- Допты ауада аяқпен соғу20
Әр түрлі
- Эстафеталық таяқша беру10
- Волейбол добын ауада екі қолмен сермеп алып жүру15
- Акробатикалық фигура көрсету20
4-сайыс: «Шешендер»
Алдыңғы кезеңдерде жылдамдықты, білімді және күш-жігерді байқадық. Енді тіл байлығы мен ойды жүйелі жеткізу қабілетін сарапқа саламыз.
Ережесі
- Әр топтан бір ойыншы қатысады.
- 1 минут ішінде таңдалған тақырып бойынша өз ойын жеткізеді.
- Осы уақытта қалған топ мүшелері қысқа өнер көрсетеді.
- Ұпай мөлшерін әділқазылар алқасы анықтайды.
Тақырыптар
1) Спорт — денсаулық кепілі
Дұрыс қимыл, тәртіп және өмір салты туралы ой-толғау.
2) Бақытты отбасы
Құндылық, сыйластық, ортақ мақсат.
3) Болашақ бүгіннен басталады
Еңбек, білім, жауапкершілік туралы.
4) Жақсыдан үйрен — жаманнан жирен
Үлгі-өнеге және дұрыс таңдау жайлы.
Қорытынды және марапаттау
Топтарды марапаттауға әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті ұстаздар мен қатысушылар, бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» атты спорттық-интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз анықталып, марапатталады.
Түйін сөз
Спорт — көркі өмірдің,
Спорт — досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып өсіп, толарсың.