Оқушыларды бағыттап отыру
Сабақ тақырыбы
Тұсаукесерді безендіру. Бұл сабақ 6-сыныпқа арналған информатика курсындағы PowerPoint бағдарламасында тұсаукесер құру және безендіру мүмкіндіктерін меңгертуге бағытталған.
Сілтеме (оқулық)
Информатика, 6-сынып: Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- АКТ қолдану
- Сын тұрғысынан ойлау (сұрақ–жауап, зерттеушілік)
- Практикалық тапсырмалар
Жалпы мақсаттар
Білімділік
Оқушыларға слайд жасақтау, тұсаукесер құру және безендіру шаблондарының жаңа мүмкіндіктерін таныстыру; жұмыс істеу принципін түсіндіру.
Дамытушылық
Слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; практикалық дағдылар мен ойлау икемділігін дамыту.
Тәрбиелілік
PowerPoint қолдану аймағын түсіндіру; бағдарламаны іске қосу және компоненттерін ажырата білуге үйрету; білімділік пен сауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттер
Мазмұнға қатысты
Оқушының қызығушылығын оята отырып, PowerPoint бағдарламасында тұсаукесерді безендіру мүмкіндіктерін толық меңгерту.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Жаңа тақырыпты оқушылардың өздері меңгеруіне жағдай жасау: ойлану, талдау, зерттеу арқылы жаңалықты қабылдау және салыстыру арқылы теорияны практикада қолдану.
Топтық жұмыс үдерісі
Бірін-бірі оқытуға мүмкіндік беру: өз ойын айту, өзгенің жауабын тыңдау, қорытынды пікір шығару дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижелері
- Өз бетінше кез келген тапсырманы орындай алады.
- Бағдарламаны іске қосуды біледі.
- Бір-біріне көмектесу мәдениетін қалыптастырады.
- Мұғалімнің бағыттауын негізге ала отырып тиімді жұмыс істейді.
- Жаңа тұсаукесер және шаблон бойынша тұсаукесер құрып, слайдтарды қарау және жоюды меңгереді.
- Теорияны практикада қолдану дағдыларын дамытады.
- Бағалау парағы арқылы өзін бағалай алады.
- Өзін және сыныптастарын бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Түйінді идеялар
Жаңа теориялық ақпарат беру арқылы оқушыға жаңа білім кезеңінің басталғанын сезіндіру.
Оқушыда жаңа ойлау дағдысын, мәнерін және әрекет тәсілдерін қалыптастыруға ықпал ету.
Оқушының өмірлік тәжірибесіне, бұрыннан білетін біліміне сүйену.
Үй жұмысын тексеру
Оқушыларға тест жұмысының дұрыс жауаптары ұсынылады, қосымша ақпарат бойынша сұрақтар қойылады.
Қосымша сұрақтар (топтарға)
- I топ. PowerPoint бағдарламасын құру идеясы кімнен шыққан?
- II топ. PowerPoint-тың алғашқы атауы қандай болған?
- III топ. Қай жылдан бастап PowerPoint кеңінен танымал бола бастады?
Автор туралы мәлімет
- Өңір
- Павлодар облысы, Шарбақты ауданы
- Мектеп
- Есілбай жалпы орта білім беру мектебі
- Пән
- Информатика
- Мұғалім
- Айтмағанбетова Құралай Каримоллақызы