Зат есімдерге сұрақ қой
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Қазақ тілі (2-сынып)
- Сабақ тақырыбы
- Зат есім
- Сабақ мақсаты
-
Білімділік: зат есім туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту; сөздік қорын молайту.
- Сабақ түрі
- Жаңа білімді игеру сабағы
- Сабақ әдісі
- Сұрақ-жауап, ой қозғау
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу, музыка
- Көрнекілігі
- Оқулық, суреттер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.
Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
Өткен тақырыптар бойынша жаттығулар орындалғанын тексеру. «Көрші» ойыны арқылы бір-біріне сұрақ қою.
-
1. Жұрнақ дегеніміз не?
-
2. Жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
-
3. Түбір сөз дегеніміз не?
3) Жаңа сабақ: «Зат есім»
Мұғалім ой қозғау сұрағын қояды: «Ғарышта неше планета бар?» Оқушылар: «9 планета бар».
Осыдан кейін сөз таптары да көп екенін еске түсіріп, ең жақын әрі жиі қолданылатындарына назар аударылады: зат есім, сан есім, сын есім, етістік.
Негізгі ереже
Зат есім — заттың атын білдіретін сөздер. Ол Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап береді.
- Адамға қатысты сөздерге «кім?» сұрағы қойылады.
- Жануарлар мен заттарға «не?» сұрағы қойылады.
4) Мағынаны тану: жұптық жұмыс
1-жұп
7-жаттығу
Өлеңді оқып, кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жазу.
2-жұп
2-жаттығу
Сөздерді оқып, кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі топқа бөлу. Әр топқа сөйлем құрастырып жазу.
Кім?
ата, апа, ағатай, інішек
Не?
кірпіш, шыны, сағат, қант, тауық
5) Сергіту сәті
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Жүгірді, секірді,
Орнына кеп отырды.
3-жаттығу
Жаңылтпашты жатқа айту. Зат есімдерге сұрақ қою.
Аралда бар аралар,
Қалай бара алар балалар?
Талдау
аралар — нелер?
Талдау
балалар — кімдер?
Шығармашылық жұмыс
Кім? және Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер ойлап жазу.
«Аң, құс, балық» ойыны
Оқушылар «не?» сұрағына сәйкес аңдардың, құстардың, балықтардың атын тез айтып шығуы керек.
4-жаттығу
Сұрақтардың орнына сәйкес келетін зат есімдерді тауып жазу.
- Әкем отын жарды.
- Тігінші көйлек тікті.
- Аспанда жұлдыздар көрінеді.
- Орманда биік ағаштар өседі.
- Оқушылар серуенге шықты.
6) Ой толғаныс: диалогтік әдіс
Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімі пысықталады.
- 1 Сөз таптары дегеніміз не?
- 2 Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?
- 3 Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
- 4 Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.
- 5 Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.
7) Қорытындылау
- Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
- Ережені қайталап бере аласыңдар ма?
8) Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Әр оқушының белсенділігі, жауапкершілігі және тапсырманы орындаудағы ерекшелігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
5-жаттығу: «Зат есім» тақырыбы бойынша тапсырманы орындау.
Қажет болса, материалды қайта оқып, ережені жаттап келу.