Жұмыр құртттардың ерекшеліктері, құрылысы және қызметі туралы оқушыларға түсінік беру
Сабақтың тақырыбы
Жұмыр құрттар (7-сынып).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға жұмыр құрттардың ерекшеліктері, құрылысы және қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Тірі организмдердің құрылысы мен біртұтастығы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Диафильм
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі
Модульдік технология әдісі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, оқу мақсатын нақтылау, жұмыс тәртібін белгілеу.
II. Өткен материалдарға шолу
Қайталау сұрақтары
- 1 Таспа құрттар өкілдерінің ерекшеліктері қандай?
- 2 Таспа құрттар қандай ауру түрлерін туғызады?
- 3 Эктопаразиттер дегеніміз не?
III. Жаңа сабақты меңгерту
Сызбанұсқа 1
Паразит өкілдері
- Жұмыр құрттар
- Құрсақ кірпікшелі құрттар
- Зымырақтар
- Қылқұрттар
Сызбанұсқа 2
Негізгі ерекшеліктері
- Денесі эктодерма, мезодерма, энтодерма қабаттарынан түзілген.
- Алғашқы ауыздылар тобына жатады.
- Жабын ұлпасы, қимыл жүйесі және дене бөліктері жақсы дамыған.
- Дара жынысты (аталығы және аналығы бөлек) организмдер.
- Ішкі мүшелері мен ішегінің арасында дене қуысы болады.