Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай

Мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі және ел дамуына бағытталған еңбектері туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

Президенттің ел үшін атқарған істерін үлгі-өнеге ете отырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Оқушыларды Отанын және халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылық пен патриоттық сезімді нығайтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Н. Ә. Назарбаевтың әр кезеңде және әр жанрда түсірілген фотосуреттері.
  • Кітап бұрышы.
  • Нақыл сөздер мен дәйексөздер.
  • Слайдтар мен иллюстрациялық материалдар.

Барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

II. Кіріспе

Жүргізушілердің құттықтау сөзі және тәуелсіздік рухын айқындайтын өлең жолдары оқылады.

Жүргізушілер сөзі (өлең шумақтары)

Желтоқсаннан бастау алған егемен,
Егеменді елде берік керегем.
Қазақстан бірлігімнің айғағы,
Әлем білген басшысымен көреген.

1-жүргізуші

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.

2-жүргізуші

Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан — ынтымақтың айғағы.

1-жүргізуші

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты 1 желтоқсанды — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде мемлекеттік мереке етіп бекіткен заңды қабылдады. Бұл күн — барша қазақстандықтарға ортақ мереке.

Халыққа қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз барда, Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына сенім мол.

2-жүргізуші

Тарихи мәні

Бұл — еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтқанда, 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды.

Осылайша ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болған егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабалар аманаты орындалды. Тұңғыш Президент Қазақстанды жарқын болашаққа нық қадаммен бастады.

Қорытынды ой: Тәуелсіздік құндылықтарын сақтау — әр азаматтың жауапкершілігі.

Қош келдіңіздер

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 6 «А» және 6 «В» сыныптарының «Елін сүйген, елі сүйген — Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы

Рөлдер

  • Әжесі — Мырзабала
  • Әкесі — Әбіш
  • Бала — Сұлтан

Музыкалық сүйемелдеу

«Үшқоңыр» әні (орындаушылар: көрсетіледі).

Туған жер туралы ой

Атақты тұлғаның туған жерін, өсіп-өнген ортасын, әсіресе қазақ үшін маңызды генеологиялық тамырын білу — көпшіліктің табиғи қызығушылығын тудырады. Бұл, ең алдымен, Президентімізге қатысты.

Бұл туралы көп жазылды, фильмдер көрсетілді. Әсіресе «Балалық шағымның аспаны» фильмі әсерлі әрі ойландырады.

Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауылына жақын, Үшқоңыр жайлауындағы киіз үйде дүниеге келген. Ол — ата-анасының көптен күткен тұңғышы. Бұл оқиға шаңыраққа қуаныш әкеліп, үйге бала күлкісі мен кішкентай қадамның үні естілген күндер басталды.