Балалармен амандасып, осы топта отбасы туралы сабақ болатынын естіп кепті

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы

Әлеумет

Бөлімі

Қоршаған орта

Тақырыбы

Менің отбасым

Мақсаттары

Білімділік

Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.

Дамытушылық

Ойын арқылы есте сақтау қабілетін және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекіліктер

  • Отбасы суреттері
  • Слайд
  • Шаңырақ

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу Жұмбақ Тақпақ айту Ойын Сұрақ-жауап Сергіту сәті Шаттық шеңбер Мадақтау Қорытындылау

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Шаттық шеңбер

Өлең

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз болып көрінер.

Сұрақтар

  • Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
  • Ал киіз үйде кім тұрады?
  • Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі

Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз. Сол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

Иә, балалар, әр үйде отбасы болады. Олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді.

Жұмбақ

Онсыз қызық жоқ маған,

Онсыз бақыт жоқ маған.

Ол әр баланың панасы —

Ол не екен, балалар?

Жауабы

Отбасы

Слайд бойынша әңгімелеу

Ендеше тақтадағы слайдқа назар аударайық. Бұл суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

Мұнда сүйіспеншілігі мол, бір-біріне жылы ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған, дастархан басына жиналған отбасы мүшелері бейнеленген.

Күтпеген сәт

Топқа есік қағылып, әже кіреді. Ол балалармен амандасып, осы топта отбасы туралы сабақ өтетінін естіп келгенін айтады.

Балалардың тақпақтары

Олжас

Тақпақ

Ата — үлкен кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.

Айзере

Тақпақ

Мейірімді апалар,

Балаларға бата алар.

Қалтасына кәмпит сап,

Немереге апарар.

Қорытынды бөлім

Сабақ соңында отбасы туралы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді еске түсіріп, балалардың жауаптарын мадақтап, қорытынды жасалады.