Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырыбы: «Таныстырған 42 әріппен. Қош бол, менің қасиетті Әліппем!»
Мақсаты
- Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
- Әр оқушының іс-әрекеті арқылы қабілетін танытып, шығармашылығын дамыту.
- Жаңа оқулықпен таныстырып, қызығушылығын арттыру.
- Ата-анаға, Отанға, елге деген борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік және безендіру
Макеттер мен құралдар
«Әліппе», «Ана тілі», «Математика» макеттері, әріп таңбалары мен цифрлар.
Декор және атмосфера
Нақыл сөздер, шарлар, слайд. Музыка ойнап тұрады.
Дайындаған
Хамитова Мөлдір Нұржанқызы
Сахналық көрініс
Кіріспе: Хан мен ханшайым
Сахна
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкентай қызы шығады.
Хан:
Уа, халайық! Армысың, ағайын туған, бармысың!
Жарлығымды тыңдаңдар, босқа қарап қалмаңдар.
Мен сендерге сенемін: қызымды мектепке апарғанға ат басындай алтын беремін!
Қызы:
Жоқ, әке, бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін: сабақ, оқу, әріп, жазу...
Дәптер, кітап — ол не керек? Ол не береді?
Мен сұлу ханшайыммын. Оқуға өзің бар, маған білімің керек емес!
Мерекелік бөлім: Қонақтарды қарсы алу
Жүргізуші сөзі
Армысыздар, аяулы ұстаздар, құрметті ата-аналар! Бүгін 1 «А» сынып оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен. Қош бол, менің қасиетті Әліппем!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Нұржан:
Кешегі сәби балаңыз — жарады, міне, қараңыз.
Ғылым-білім жолына енді қадам саламыз.
Радомир:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
Қонақтардың келуі және өнер көрсету
Оқушы:
Ұлдар, тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз.
Одан да қонақтарға өз өнерімізді көрсетейік.
Хан:
Уа, халайық! Осында 1 «А» сыныбының Әліппемен қоштасу кеші өтіп жатыр деп естідім. Рас па?
Осы кешке арнайы қызымды алып келдім. Егер бұл сынып ұнаса, осында оқуға қалдырамын.
Оқушы:
Иә, атай, сіз дәл келдіңіз. Қош келдіңіз, төрлетіңіз!
Ендеше, оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Көрініс:
Ортаға «Қара жорға» биімен бүлдіршіндер шығады.
Негізгі түйін: Әліппе — білімнің шамшырағы
Сұрақ-жауап
Оқушы:
Айтыңдаршы, іші толған әріпке — білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Ол — Әліппе.