Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар
«Өнегелі өмір» сынып сағаты
Бұл сынып сағаты 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналады. Сабақ барысында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы әңгімеленеді.
Мақсаты
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен жері, білім алған және қызмет еткен орындары туралы мағлұмат беру.
- Өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанды сүюге, ержүректілікке, азаматтылыққа және патриоттық сезімді шыңдауға тәрбиелеу.
- Оқушы жүрегінде құрмет пен сүйіспеншілік сезімін оятып, тұлға ретінде сыйлауға және үлгі тұтуға баулу.
Көрнекілігі
Оқушылар орындарынан тұрып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Өмірбаян: бастау бұлағы
1-оқушы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен таныстырады.
1940 жыл, 6 шілде
Үшқоңыр жайлауы, Іле Алатауы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл дүниеге келді. Ата-анасы сәбиге Нұрсұлтан деп ат қойды. Есім таңдаудың өзі бір хикаяға айналады: тойға жиналған ағайын-туыс әртүрлі ат ұсынып жатқанда, немеренің әжесі Мырзабала «екі бірдей есімді алып жүрсін» деп, Нұрсұлтан деген атқа тоқтайды.
Әже тәрбиесінің ізі
Мырзабала, көп әжелер секілді, немересінің азамат болып қалыптасуына айрықша еңбек сіңірді. Анасы Әлжан кейінірек Мырзабаланың отбасы мүшелеріне ақыл-кеңес айтып, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғыларын түсіндіріп отыратынын, Нұрсұлтан тәрбиесіне белсене араласқанын еске алады.
Балалық шақ: қиын кезең, мейірім мен еңбек
Отбасында Сұлтан деп аталған баланың балалық шағы соғыс жылдарының сұрапыл кезеңіне және соғыстан кейінгі ауыр уақытқа тұспа-тұс келді. Ел еңсесін енді көтеріп келе жатқан шақта «қырғи-қабақ соғыс» аталған жаңа мазасыз дәуір басталып, ауыртпалықтың көбі қарапайым халықтың иығына түсті. Аш-жалаңаштық толық арылмаған сол кезеңнің қиындығы бала санасында қалғанымен, ананың аялы алақаны мен әкенің мейірлі жүзі, тату отбасының жылуы да ұмытылмады.
Еңбекке ерте араласу
Нұрсұлтан әкесінің қол қусырып отырмайтынын көріп өседі. Үй шаруасына, бақша мен алма бағындағы жұмысқа көмектесіп, картоп пен алма өсіруге жәрдемдеседі. Мал жайып, әкесімен бірге тауға барып шөп шапқан кездері де болған.
Адамгершілік және көпұлтты орта
Бірде Әбіш Назарбаев үйіне арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келеді. Назарбаевтар оларды шаңырағына паналатып, жұмысқа орналасуына көмектеседі. Әбіш балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін меңгеріп алады. Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының арасында өзара түсіністік пен қолдау осылай қалыптасқан.