Көп жасушалы жасыл балдырлар
Сабақ жоспары (6-сынып, биология)
Сабақ тақырыбы
Балдырлар. Көпжасушалы жасыл балдырлар.
Құрал-жабдықтар
- Тақта, маркер
- Суреттер, үлестірмелер
- Тірек-сызбалар
Сабақ мақсаты
Балдырлар және олардың әртүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру; біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекеттерін түсіндіру.
Сабақ міндеттері
Білімділік
Көпжасушалы жасыл, қоңыр және қызыл балдырлармен таныстыру; олардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын түсіндіру.
Дамытушылық
Алдыңғы сабақтағы білімді жаңа тақырыппен байланыстырып, қорытындылай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік
Көпжасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызын ашып, оларды тиімді әрі ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау.
- Сабаққа назарын аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Топтау» әдісі арқылы балдырлар туралы білімдерін жүйелеу және тексеру.
Тірек ұғымдар
Тапсырма: Хлорелла мен хламидомонаданы салыстырып, Венн диаграммасын құрастыру.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Спирогира
Көпжасушалы жасыл балдыр
Спирогира — бір қатарға тізбектеле орналасқан ұзын жасушалардан тұратын жіп тәрізді көпжасушалы балдыр. Жасушадағы таспа пішінді хроматофор оралма (спираль) тәрізді орналасады; атауы осы ерекшелікке байланысты берілген.
Өсімді көбею
Жіпшенің бірнеше бөлікке бөлшектенуі немесе жеке жасушалардың бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшектен жаңа спирогира жіпшесі түзіледі.
Жынысты көбею
Жіптердегі екі жасушаның цитоплазмалары қосылып, ұрықтану нәтижесінде жаңа құрылымдар түзіледі.
Улотрикс
Ағын суларда кездесетін жасыл балдыр
Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекініп өседі және көбіне балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді таллом түзеді.
Спирогирадан айырмашылығы — әр жасушасындағы жасыл түсті хроматофор жалпақ білезік тәрізді болады.
Жыныссыз көбею
Кез келген жасыл жасушада екі немесе төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Зооспоралар қозғалып, төсемікке бекінеді, талшығын жоғалтып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Нәтижесінде улотрикс жіпшесі қалыптасады.
Жынысты көбею
Кейбір жасушалардан ұсақ екі талшықты гаметалар түзіледі. Олар екі-екіден қосылып, зигота пайда болады.
Көрнекілікпен түсіндіру: түрлі түсті қағаз, қатты қағаз, файл және жіптер көмегімен спора, зооспора, зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын модельдеу (жынысты және жыныссыз көбею).
Теңіз балдырлары: қоңыр және қызыл балдырлар
Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде өте кең аумақты қамтып өседі. Бұл топқа қоңыр және қызыл балдырлар жатады.
Қоңыр балдырлар
Өкілдері: ламинария, саргассум және т.б.
Ламинария теңіз жағалауындағы 5–10 км аймақты қамтып, 20–30 м тереңдікте өседі.
Қызыл балдырлар
Көпжасушалы қызыл балдырлар теңіздің терең түбінде (шамамен 270 м-ге дейін) өсе алады.
Талломы (денесі) таспа, тақташа, жіп тәрізді; кейде жіптері тарамдалған болады.
IV. Бекіту кезеңі
Сұрақ-жауап: I топқа тест сұрақтары беріледі.
Мұғалім
Биология мұғалімі: Макажанова Айман Хамитовна