Логикалық есептер
Математикадан әртүрлі "Логикалық есептер"
1. Тақтаға әртүрлі натурал сандар жазылған. Олардың ішіндегі ең кіші екеуінің көбейтіндісі 16 - ға тең, ал ең үлкен екеуінің көбейтіндісі 225 - ке тең. Тақтадағы сандардың қосындысы қаншаға тең?
A) 38 B) 42 C) 44 D) 58 E) 243 (5 ұпай)
2. Айгүлдің әрқайсысы 9 тастан тұратын 555 үйіндісі бар. Ол үйінділерді біріктіріп, сонан соң оны әрқайсысы 5 тастан тұратын үйінділерге бөлді. Ол нәтижесінде қанша үйінді алады?
А) 45 B) 555 C) 999 D) 900 E) 111 (3 ұпай Кенгуру)
3. Асан, Үсен және Дүйсен - үш егіз ( бәрі бір күнде туған). Олардың егіз інілері –
Самат пен Марат – олардан дәл 3 жас кіші. Төменгі сандардың қайсысы осы бес
ағайынды балалардың жастарының қосындысы бола алады?
А) 36 B) 53 C) 76 D) 89 E) 92 (4 ұпай)
Математикадан әртүрлі "Логикалық есептер". жүктеу