Бос деректер құру

MS Access-та мәліметтер қорын құру

Қазіргі таңда мұғалімнің басты мақсаты — оқушылардың білім сапасын арттыру, пәнге қызығушылығын күшейту, ізденімпаздығын және байқау қабілеттерін дамыту, өзіндік дамуына мүмкіндік беру, сондай-ақ нәтижеге бағытталған білім беруге көшу.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері өздігінен жұмыс істеу, оқуына талдау жасау және алған білімін практикада қолдану арқылы қалыптасады. Бұл олардың оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергенін нақты көрсетеді. Сондай-ақ оқушылар сынып деңгейіне сай игерген білімдерін жаңа бағдарламаларда қолдана алуы қажет.

Сабақтың идеясы

Төменде әріптестеріме Microsoft Access-та кестелер құру және мәліметтер қорын әзірлеу жолдарын ұсынамын. Тапсырмада мектеп кітапхана қорының қарапайым электронды үлгісін дайындау қарастырылады: Access-та деректерді ұйымдастырып, қажет болған жағдайда Visual Basic технологиялары және 8-сыныпта меңгерген Microsoft Excel қолданбасымен байланыстыруға болады.

Мәліметтер қорын құруға дайындық: кітапхана қорын зерттеу

Мектеп кітапхана қорының электронды нұсқасын әзірлеу үшін ең алдымен оқушылар қорды зерттеу тәсілдері туралы ақпарат жинақтауы керек. Негізгі мақсат — электронды кітап қорының кітапхана міндеттеріне сай болуы және оқырманның сұранысы мен талғамына сәйкес келуін қамтамасыз ету.

Аналитикалық әдіс

Баспа шығармаларының түрі, жанры, саласы, типі және өзге де сипаттары бойынша қорды жинақтау мен пайдалану деңгейі салыстырылып бағаланады.

Библиографиялық әдіс

Библиографиялық құралдарда көрсетілген әдебиеттердің қорда бар-жоғы кітапхана қорының өзімен немесе каталогпен салыстыру арқылы анықталады.

Статистикалық әдіс

Қордың құрамы мен айналымына қатысты статистикалық көрсеткіштер талданып, кітапхана қызметін сипаттайтын деректермен негізделеді.

Тапсырманы орындау жолы

1) Бос деректер қорын құру

MS Access бағдарламасын іске қосыңыз: Пуск → Программы → MS Access. Ашылған терезеде жаңа деректер қорын құруды таңдап, деректер қорының атын енгізіңіз де OK батырмасын басыңыз.

Құру параметрлері

  • Жаңа дерек құру
  • Бос дерек құру
  • Жоба (бар деректер базасы бойынша)
  • Жоба (жаңа деректер базасы бойынша)
  • Файл таңдау
  • Үлгі (шаблон) бойынша

Ескерту

«Жаңа дерек құру» бөлімін таңдағаннан кейін қосымша терезеде деректер қорының атын енгізесіз. Қажет болса, сол жақтағы дайын орналасу (шаблон) түрлерінің бірін таңдап пайдалануға болады.

2) Кестені «Конструктор» режимінде құру

Кесте құру үшін Создание таблицы в режиме конструктора режимін таңдаңыз. Бұл жерде әр өріс үшін өріс атауын, деректер типін және сипаттамасын енгізесіз.

Өріс атауы (Имя поля)

Өріс атауы Имя поля бағанына енгізіледі. Өріс атауын енгізгенде келесі ережелерді сақтаңыз:

  • Өріс атауы 64 символға дейін болуы мүмкін, бірақ тым ұзын атаулардан қашыңыз.
  • Кейбір арнайы таңбалар қолданылмайды; басқарушы символдарды (ASCII 0–31) енгізуге болмайды.
  • Өріс атауы бос орыннан басталмауы керек.
  • Бір кестеде екі өріс бір атаумен аталмайды.

Деректер типтері (Тип данных)

Өріс атауы кестедегі деректерге сілтеме жасау үшін қолданылады, ал сақталатын ақпараттың түрін анықтау үшін деректер типі таңдалады. Деректер типі Тип данных бағанына енгізіледі.

Мәтіндік Сандық Ақшалай Санауыш Күн/уақыт Логикалық MEMO OLE Гиперсілтеме Ауыстырулар шебері

Мәтіндік (Text)

Мәтін түріндегі деректерді сақтауға арналған. Өріс ұзындығы әдетте 1–255 таңба аралығында беріледі.

Сандық (Number)

Сандық мән енгізілгенде деректердің дұрыстығы автоматты түрде тексеріледі: мәтін немесе арнайы таңбалар енгізілсе, қате ретінде қабылданады. Сандық өрістерде математикалық операцияларды орындауға болады.

Логикалық (Yes/No)

Екі мәннің бірін қабылдайды: Ақиқат/Жалған, Иә/Жоқ немесе Қосу/Жою. Мұнда Ақиқат, Иә, ҚосуTrue, ал Жалған, Жоқ, ЖоюFalse мәніне сәйкес келеді.