Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту
Мұғалім туралы мәлімет
- Өңір
- Ақтөбе облысы
- Қала
- Ақтөбе қаласы
- Білім беру ұйымы
- «Сымбат» жеке мектебі
- Лауазымы
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Мұғалім
- Сагинбаева Жанар Жайбергенқызы
- Пән / Сынып
- Сауат ашу, 1-сынып
Сабақ тақырыбы
Тақырып: «Н н» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
Оқу дағдылары
- «Н» дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру.
- Мақал-мәтел айтуға үйрету және оның мазмұнын талдап, түсіндіру.
- «Қандай?» сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.
Жазылым және тіл дамыту
- Сауатты жазу мен дұрыс оқуға дағдыландыру.
- Сөздік қорды байыту, тілдік қор мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрау; сөйлемдерді жүйелі орналастырып, мәтін құрастыра білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды сыпайылыққа, жолдастыққа, достыққа баулу; бір-бірінің ойын түсінуге, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
Сабақтың типі
Жаңа білімді игеру.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Оқыту әдістері
Көрнекілік
Түсіндіру
Сұрақ-жауап
Талдау-жинақтау
Әңгімелеу
Көрнекіліктер мен ресурстар
Сабақтың көрнекілігі
- Кеспе әріптер.
- Нан және нан өнімдері.
- Нар, анар, науа суреттері.
- Слайдтар мен флипчарттар.
- Наубайхана туралы бейнематериал.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Интербелсенді тақта.
- Тақта және бор.