Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау
Сабақтың тақырыбы
Нәтиже сабақ (ІІ модуль).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Модуль бойынша алған білімдерін саралау, білім сапасын анықтау.
- Сауатты және көркем жазуға дағдыландыру.
- Сұрақтарға дұрыс әрі толық жауап бере білуге үйрету.
Дамытушылық
- Алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.
- Ой қорыту, тілдік талдау жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
- Әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Жауапкершілік пен тәртіпке баулу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Өтілген материалды пысықтау және бекіту.
Әдіс-тәсілдер
Тест және тапсырмалар арқылы білімді тексеру, жазбаша жұмыстар.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін анықтау.
- Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
- Тіл дамыту сәтін өткізу.
II. Өткен материалды еске түсіру және жалпылау
- Үй тапсырмасын сұрау және тексеру.
- Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
- Сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын бақылау.
- Қандай мәселелерге ерекше назар аудару керегін белгілеу.
№2 нәтиже сабақ (тапсырмалар)
1) Тақырып бойынша өз ойыңды жаз
- I нұсқа: «Тіл туралы» Заңның 4-бабында не туралы жазылған?
- II нұсқа: Сөздік түрлерін ата. Орфографиялық сөздік туралы әңгімеле.
- III нұсқа: Қандай сөздік түсіндірмелі сөздік деп аталады?
- IV нұсқа: Синонимдер және фразеологиялық сөздіктер туралы әңгімеле.
2) Сөздердің мағынасын анықта
- I нұсқа: бауыр, бас, жүз
- II нұсқа: қара, ат, ер
- III нұсқа: күй, жарық, би
- IV нұсқа: қыс, ара, аш
3) Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен сөз жазып, сөйлем құрастыр
- I нұсқа: -қор-, -дікі, -нікі, -кеш
- II нұсқа: -қой, -паз, -хана
- III нұсқа: -кеш, -паз, -кер
- IV нұсқа: -хана, -тікі, -гер
4) Берілген сөздерді септе (жай септеу, тәуелді септеу)
- I нұсқа: мұғалім, бала
- II нұсқа: жүрек, кітапхана
- III нұсқа: оқулық, тәрбиеші
- IV нұсқа: кітап, Отан
5) Зат есімдерді жекеше және көпше түрде жікте
- I нұсқа: суретші, дәрігер
- II нұсқа: құрылысшы, сәулетші
- III нұсқа: ұшқыш, ғалым
- IV нұсқа: жазушы, оқушы
6) Сөздерді жекеше және көпше түрде тәуелде
- I нұсқа: ақыл, дауыс
- II нұсқа: шаңырақ, ел
- III нұсқа: еңбек, көрме
- IV нұсқа: мектеп, орын
Үй тапсырмасы
Өткен тақырыптарды қайталау.