Саяхат сабағы
Сабақ тақырыбы мен мақсаты
Тақырыбы
Жай бөлшектерді азайту
Мақсаты
- Білімділік: жай бөлшектерді азайту ережелерін есептеулерде дұрыс қолдана білу.
- Дамытушылық: оқушылардың іскерліктерін, білім-дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен еңбек етуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру деректері
- Көрнекілігі
- Сызбалар, сөзжұмбақ, үлестірмелер
- Сабақтың типі
- Қайталау және пысықтау
- Сабақтың түрі
- Саяхат сабағы
Сабақ барысы: «Білім еліне» саяхат
I. Ұйымдастыру
Балалар, бүгін біз Білім еліне саяхатымызды жалғастырамыз. Бізді Математика елінің тұрғындары күтіп отыр. Олар деңгейлік есептер, сөзжұмбақ және сынақ тапсырмаларын дайындаған. Ендеше саяхатқа дайынсыңдар ма? Олай болса, сендерге үлкен табыс, сенім және жеңіс тілеймін.
1-аялдама
Үй тапсырмасын тексеру
Есеп
Саяжайдағы барлық жеміс ағаштарының 7/4 бөлігі — алма ағаштары, ал өрік ағаштары одан 4/1 бөлік кем. Саяжайдағы барлық ағаштардың қандай бөлігі — өрік ағаштары?
Ескерту: Бөлшектерді азайту кезінде ортақ бөлім мен амал ретіне мұқият болыңдар.
2-аялдама
Тест тапсырмасы
1-сұрақ
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтады?
-
A
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда, азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, шыққан нәтижені алым етіп жазып, бөлімін өзгеріссіз қалдыру керек.
-
B
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда, азайғыштың бөлімінен азайтқыштың алымын азайтып, нәтижені алым етіп жазып, сол бөлімді қалдыру керек.
-
C
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда, азайғыштың алымынан азайтқыштың бөлімін азайтып, нәтижені бөлім етіп жазып, алымды өзгеріссіз қалдыру керек.
Негізгі қағида: бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда, алымдар азаяды, ал бөлім өзгермейді.