Сабақта қолданылатын әдістер

Сабақтың тақырыбы

Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары (Химия, 10-сынып).

Сабақтың мақсаты

  • 1

    Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары туралы ұғымдарды еске түсіру.

  • 2

    Оқушылардың танымдық қабілетін және тұлғалық қасиеттерін дамыту.

  • 3

    Өз бетінше жұмыс істеуге және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту.

Қолданылатын әдістер

Ой қозғау Ұғыну Мағынаны тану Ұжымдық оқыту Оқулықпен жұмыс Проблемалық оқыту

Қажетті құралдар

  • Интерактивті тақта

    Түсіндіру, визуализация және тапсырмаларды көрсету үшін.

  • Макет

    Үлгі арқылы құбылысты нақтылау үшін.

  • Бағалау парағы

    Ұпай жинау және кері байланыс үшін.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Кезекшінің мәліметі, оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру — «Ой шақыру» кезеңі

Форматы: ИӘ немесе ЖОҚ. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

Бағалау

1 жауап = 1 ұпай

Тұжырым Жауабы
1 Мыс 2-топтың негізгі топшасында орналасқан. Жоқ
2 Мырыштың сыртқы энергетикалық деңгейінде 2e бар. Иә
3 Мырыш жай заттармен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Жоқ
4 Мыс қиын балқитын металл. Иә
5 Мырыш екідайлы қасиет көрсетеді. Иә
6 Хром атомы ядросының құрамында 24 нейтрон бар. Жоқ
7 Мыс электр тогын жақсы өткізеді. Иә
8 Сумен және сұйытылған тұз қышқылымен мыс әрекеттеседі. Жоқ
9 Хром жемірілуге оңай ұшырайды. Жоқ
10 Адам ағзасында мыс жетіспесе, қаназдық (анемия) ауруы пайда болады. Жоқ

Қосымша тапсырма

Айналуларды жүзеге асырыңдар.

«Химиялық эстафета»

Әр дұрыс теңдеу — 2 ұпай.

Бағалау

1 теңдеу = 2 ұпай

Автор туралы

Астана қаласы, №71 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі — Камбарбекова Ұлбала Камбарбековна.