Қарғыс атсын

Мұқағали Мақатаев

Түнге карай,
Түйсік салып,
Таң атқанша не болады?!
(Оны қайдан білейін)
Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін,
Ортасында солардың мен,
Ойнап - күліп жүрейін.
Маужыраған күллі әлем,
Жақсы жатып, жай тұрсын.
Адамзаттың төсегіне,
Төңкерілген Ай тұнсын.
Қылауы жоқ, қыстары аппақ,
Аман - есен май тусын,
Таңсәріде, Адамзатқа,
Арнап гимн айтылсын!
Менің мына Ғасырымның кезінде,
Бір жақсылық,
Тыным алмай, жердің бетін кезуде.
Күтуде оны күтуде оны,
Күллі ғалам төзуде.
Ақырында тоғысады,
Сезімдер кеп сезімге!
Адамзат пен табиғаттың,
Таусылмайды қорегі.
Қайырымсыз қара тас та,
Өз жемісін береді.
Құл болмаспыз, құндақтайық,
Әлдилейік бәріміз,
Тыныштық деп аталатын сәби өсіп келеді.
Үрейменен өтеді ылғи тұнжыраған түндерім
Сол сәбиді әлдилеген адамзатпен біргемін.
Қарғыс атсын!
Атсын қарғыс!
Түнге айналып күндері,
Сол сәбиді ұйқысынан шошытса егер,
Кімде - кім!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)
Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер
Эйн Рэндтің өмірі мен өнегесі
Дубляж және дыбыстандыру
Ұлт азаттығы, тәуелсіздік мәселесі
Бата, тілек, алғысқа байланысты айтылатын фраземалар және олардың мағыналық – тұлғалық ерекшеліктері
Сындық мағыналы фразеологизмдер
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі
Зиынды заттардың профилактикасы
Абайдың ақындық дүниетанымы (түсіну, пайымдау, бағалау)
Жеті атсын білуге тәрбиелеу
Қара сұлбаны қарғыс атсын
Дәуқара аман оралды, Оранды қайта қарғысқа
Жақпадым жауыздықпен аққа қара, Жатсынып жатқаным жоқ жатқа нала
Мәтін абзацын пішімдеу
Таси берсін байлық, Жиналып жатсын айлық
Мендегі арынды екпінгедауыл көрмегенбишара жандар жатсын бір тамсанып өліп