Көнерген сөздердің мағынасын ашу
Сыныптар: 7–10
«Сөзмерген» сайысы (сайыс сабақ)
Мақсаты
- Жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін терең ұғынуына жол ашу.
- Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
- Отанын, туған тілін және дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Түрі
- Сайыс сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, түсіндіру
- Көрнекілігі
- Слайд
Кіріспе сөз
Кеш жарық, қадірменді тіл жанашырлары! Бүгін мектебімізде өтетін «Сөзмерген» сайысына қош келдіңіздер!
Өлең жолдары
Тілім менің! Осы тілде шежірем, жырым менің,
Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі — тағдырыммен тамырлас мұңым менің.
Тілім менің! Жауға айбарым, ұраным, туым менің.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Сайыс барысы
I. «Мықты болсаң тауып көр»
Тұрақты сөз тіркесін тауып, мағынасын ашу
| Негізгі сөз | Нұсқалар | Дұрыс тіркес |
|---|---|---|
| Сөз | Қарасу, жарасу, санасу, тарасу | Сөз сөзімен жарасты |
| Ашпау | Ауыз, көз, мұрын, құлақ | Ауыз ашпады |
| Мұздау | Бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе | Жүрегі мұздады |
| Аспан | Санасқан, жарасқан, таласқан, қарасқан | Аспанмен таласқан |
| Көз | Суық, жылы, ыстық, салқын | Көзге ыстық |
| Қанат | Тағу, бағу, қағу, табу | Қанат қақты |
| Ұзын | Қол, аяқ, жіп, таяқ | Қолы ұзын |
| Қақпақ | Толу, тою, болу, қою | Қақпақ болу |
| Құрақ | Ұшу, қону, жану, салу | Құрақ ұшу |
II. «Жүйрік болсаң озып көр»
Сөздерді тіркестіріп, мақал-мәтел құрау
Тер
Бидай, дән, астық, арпа
Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
Ысқырық
Ешкі, лақ, қой, жылқы
Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.
Қорқақ
Көз, ауыз, сөз, тіл
Көз қорқақ, қол батыр.
Апа • Ата • Аға • Жаға
Ағасы бардың жағасы бар.
Інісі бардың тынысы бар.
Жарақ • Қару • Құрал • Сауыт
Тіл қаруы — сөз, сөз қаруы — ой.
Жау • Адал • Қас • Арам дос
Адал дос алтыннан да қымбат.
Баулу • Үйрету • Баптау • Тәрбиелеу • Ана
Ана баулыған бала епті, әке баулыған бала есті.
III. «Тапқыр болсаң шешіп көр»
Жұмбақ шешу
-
Кесеуім басы ақ күміс.
Жауабы: тырнақ
-
Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар,
Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын әртүрлі жорғасы бар.Жауабы: домбыра
-
Қаудыр-қаудыр жарғағым, қартайғанша тозбайды.
Жауабы: құлақ
-
Ақылы бар, басы жоқ.
Ауызы бар, денесі жоқ.
Қолы бар, аяғы жоқ.Жауабы: қақпан
IV. «Ойлы болсаң озып көр»
Көнерген сөздердің мағынасын ашу
Қағұт
Тарыдан жасалатын тағам түрі.
Күпшек
Арба дөңгелегіндегі кішкене тесіктері бар орталық бөлік.
Тесе
Кетпеннің кішкене түрі.
Қорытынды
Жүлде
«Сөзмерген» атағының иегері сайыс қорытындысы бойынша анықталады.
Түйін
Ана тілі — ұлт рухының өзегі. Тілді құрметтеу — елді құрметтеу, дәстүрді қастерлеу — болашақты бекемдеу.