Сабақты бекіту Кім тапқыр

Сабақтың барысы

Бұл сабақта оқушылар сын есімді қайталап, оның сұрақтарын, сөйлем ішіндегі қызметін және заттың сынын білдіруін тапсырмалар арқылы бекітеді. Жұмыс түрлері ойын, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел және суретпен сипаттау арқылы ұйымдастырылады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, назарын сабаққа аудару.

  • – Балалар, түзу отырамыз.
  • – Қазақ тілі кітабын, дәптер мен қаламсапты дайындап қояйық.

II. Үй тапсырмасын тексеру және кіріспе

Көктемнің алғашқы хабаршысы қандай құс?

Жауабы: қарлығаш. Қарлығаштың тапсырмасы арқылы үй жұмысы тексеріледі.

Үй тапсырмасы: 441-жаттығу (сұрақтар)

  • А) Сөз таптарын ата.
  • Ә) Зат есім дегеніміз не?
  • Б) Зат есімнің жекеше және көпше түрлері қандай?
  • В) Етістік дегеніміз не?
  • Г) Сын есім дегеніміз не?

Психологиялық тренинг

Қолға қалам алайық,
Дәптерімізді ашайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Бүгінгі күнді жазайық.

III. Бекіту: «Кім тапқыр?» ойыны (сөзжұмбақ)

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбына шығады.

1) Уақытты білу үшін неге қараймыз?

Жауабы: сағат

2) Суда тіршілік ететін не?

Жауабы: балық

3) Ас атасы не?

Жауабы: нан

4) Далада самал не?

Жауабы: жел

5) Бұлақтағы ағынды не?

Жауабы: су

6) Тиіскенді түйреген, киімі бар инеден.

Жауабы: кірпі

7) Жолбарысқа ұқсайды, тышқанды ғана ұстайды.

Жауабы: мысық

Осы тапсырмалардан кейін оқушылар бүгінгі сабақтың негізгі бағытын айқындайды: сын есімді пысықтау.

Негізгі анықтама

Сын есім — заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары

Қандай? Қай?

Жұмбақ

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.

Жауабы: кітап

Қандай кітап? қалың, жұқа, ертегі, қызықты.

Көркем жазу: кітап ..................................

IV. Оқулықпен жұмыс

Шымшықтың тапсырмасы: 442-жаттығу

Берілген жұмбақтардың шешуін табу:

  • Жібек арқан сүйреткен,
    Темір атты үйреткен.
    Жауабы: жіп, ине
  • Көк лағым көгенде жатып семіреді.
    Жауабы: қарбыз
  • Жарық күнде жолдасың,
    Қараңғыдан қорқады.
    Жауабы: көлеңке

Тотықұстың тапсырмасы: 443-жаттығу

Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу:

Үшкір тұмсық,
Сұр шымшық,
Сордан ұшты,
Құрт шымшып.

V. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен болып өседі.

Сурет, мақал-мәтел және салыстыру арқылы бекіту

Сурет бойынша сұрақ

Мына суреттегі кім? Қыз.

Мақал

Қыз өссе — елдің көркі.

Қандай қыз? әдемі, сұлу.

Сурет бойынша сұрақ

Мынау не? Гүл.

Мақал

Гүл өссе — жердің көркі.

Қандай гүл? қызыл, әдемі.

444-жаттығу: керекті сөздерді пайдаланып салыстыру

Дәмі бойынша

Бал — тәтті, лимон — қышқыл.

Биіктігі бойынша

Ағаш — биік, аласа ағаш — аласа.

Суретпен жұмыс

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді жазу:

Алма қандай?

(Мысалы: қызыл, домалақ, тәтті.)

Ат қандай?

(Мысалы: жүйрік, күшті, әдемі.)

Оқулықпен жұмыс: 446-жаттығу (ауызша)

Аңдардың аттарын оқып, ертегілерде олардың қандай болып келетінін сәйкестендіру.

Аң Сипаттамасы
Қасқыр қорқақ, мақтаншақ
Түлкі қорқау, жыртқыш
Қоян қу, өтірікші

VI. Қорытынды

Сабақ соңында оқушылармен бірге төмендегі сұрақтар бойынша қорытынды жасалады:

  • – Бүгін біз нені үйрендік?
  • – Не білдік?
  • – Тағы нені білгіміз келеді?

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және сын есімді дұрыс қолдануы бойынша бағаланады.

VIII. Үй тапсырмасы

445-жаттығу

Сын есімді қайталау.