Балалармен тапсырманы қайда жасырғанын табу

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Абильмажинова Айгерим Серикбековна

Тобы

Жас толқын

Саласы

Таным

Бөлімі

ҚМҰҚ

Тақырыбы

3 саны мен цифры

Мақсаты

  • 1) Балаларды 3 саны және цифрымен таныстыру; тура және кері санауға үйрету; 3 санын жаза білуге және сандарды заттармен сәйкестендіре білуге баулу.

  • 2) Ақыл-ойын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  • 3) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

  • Бейнеролик
  • Тапсырмалар салынған конверттер
  • Жұлдызшалар
  • Дьенеш блоктары
  • Математикалық планшет
  • Күзгі жемістердің суреттері
  • Дәптер, қарындаш

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын түрлері.

Тілдің үштұғырлығы

1

бір — один — one

2

екі — два — two

3

үш — три — three

Сабақ барысы

Кезең

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар, бүгін бізде ерекше күн: бізге көптеген қонақтар келді. Ендеше қонақтармен амандасайық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, музыка әуенімен үш тілде амандасады.

Бейнехабарлама

Теледидардан Алдар көсе сөйлейді: ол балаларға арналған тапсырмаларды жасырып кеткенін айтады. Тапсырмалар мұқият орындалып, тәртіп сақталса, ол топқа сыйлықпен келетінін хабарлайды.

Балалармен бірге тапсырмалардың қайда жасырылғанын табуға кірісеміз.

Кезең

Ұйымдастыру-ізденістік

1

1-конверт: 3 санымен танысу

Балалар түстер бойынша 3 топқа бөлінеді.

Дьенеш блоктарын пайдаланып, әр топ бір пішінді табады. Пішіндерді санай отырып, 3 саны туралы түсінік қалыптастырамыз.

Үш тілде тура және кері санау жаттығуы: бір – один – one, екі – два – two, үш – три – three.

2

2-конверт: 3 цифрын бейнелеу

Алдар көсе: «Үш санын бейнелеп көріңдер» — депті. Ендеше 3 цифрын әртүрлі тәсілмен жазып көреміз:

  • Ауада жазу
  • Бір-біріміздің арқамызға жазу
  • Аяқ ұшымен еденге жазу
  • Үш саусақпен үстел бетіне жазу
  • Қарындашпен дәптер бетіне жазу

Дәптерге жазбас бұрын дұрыс отыру ережелерін еске түсіреміз: арқа түзу, аяқ толық тірелген, дәптер қиғаш орналасқан.

3

Сергіту сәті: музыкамен қимыл-қозғалыс

Музыка ырғағымен карточка арқылы жаттығулар орындалады: 3 рет секіру, 3 рет оң аяқпен, 3 рет сол аяқпен секіру, 3 рет отырып-тұру, иықты алға және артқа 3 реттен айналдыру және т.б.

4

Келесі тапсырма: сәйкестендіру

Әр баламен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалар күзгі жемістердің суреттерін тақтадағы сандарға сәйкес етіп жапсырады.

Кезең

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, біз Алдар көсенің барлық тапсырмаларын орындадық. Енді сиқырлы сөзді айтып, Алдарды шақырайық.

Сиқырлы сөзді жұмбақ шешу арқылы табамыз:

Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? Ортасында тәрбиеші, Оң жағында ұлы бар, Сол жағында қызы бар. Білмесеңдер, біліңдер, Тағы санап көріңдер.

Енді барлығымыз «бір, екі, үш» дегенде Алдар көсе келеді.

Алдар көсемен диалог

Алдар көсе: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді біраздан бері бақылап тұрдым. Барлығың белсенді болып, тапсырмаларымды орындадыңдар. Айтыңдаршы, не үйрендіңдер?»

Балалар: «Біз бүгін танысқан 3 санын жазып көрсетеміз».

Балалар математикалық планшетте 3 цифрын жазады. Алдар көсе балаларды мадақтап, жұлдызшаларды сыйлық ретінде ұсынады.