Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Мақсаты мен күтілетін нәтиже
Танымдық мақсат
- Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру.
- Ауылдағы негізгі еңбек түрлерін ажырата білуге үйрету.
- Жыл мезгілдеріне сай атқарылатын жұмыстар мен қолданылатын техника туралы түсініктерін кеңейту.
Тілдік және шығармашылық мақсат
- Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсете білуге дағдыландыру.
- Ойын, қиял, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
- Табиғатты сүюге, еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу.
Ерекше назар
Сабақ барысында балалар еңбек түрлерін, жыл мезгіліне тән өзгерістерді және жаңа сөздерді белсенді қолданады.
Сабақ барысы (диалог және тапсырмалар)
1) Ұйымдастыру сәті
Тәрбиеші:
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бүгін сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Орнымыздан тұрып, қонақтармен сәлемдесейік және жылы тілегімізді білдірейік.
Балалардың тақпақ-ұраны:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
2) Жыл мезгілі туралы сұрақ-жауап
Тәрбиеші:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Қазір жылдың күз мезгілі.
Тәрбиеші:
Күз мезгілінде неше ай бар? Қандай айлар?
Балалар:
Күз мезгілінде үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші:
Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар:
Күн салқындайды, жаңбыр жауады, жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
3) Күз туралы тақпақтар
Азиз:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Мансур:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезі бұзық-ау.
Жаңбырын сіркіреп,
Келгені қызық-ау.
Мирас:
Күз жомарт қой қашанда,
Мол жемісін беретін.
Піскен қарбыз, тәтті алма,
Балаларға керек қой.
4) Уақыт туралы білімді бекіту
Тәрбиеші:
Бір аптада неше күн бар? Кім атап береді?
Балалар:
Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
5) Мақал-мәтел арқылы жаңа тақырыпқа өту
Тәрбиеші:
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Сұрақ:
Бұл мақалдың мағынасы не туралы?
Жауап:
Еңбек туралы. Еңбек еткен адамның несібесі мол болады, еңбектің арқасында тұрмысымыз түзеледі.
Еңбек түрлері көп. Бүгінгі әңгімеміз ауылдағы адам еңбегі туралы болады.
6) Ауыл еңбегімен таныстыру
Тәрбиеші балаларға ауыл өмірі мен еңбек түрлерін (егіншілік, бағбандық, мал бағу) таныстырады. Көрсетілім ретінде слайдтар мен мазмұнды суреттер пайдаланылады, ал түсініктер сұрақ-жауап арқылы бекітіледі.
Егінші
Егіс егіп, өнім жинайтын еңбек иесі.
Бағбан
Ағаш, гүл, көкөніс күтіп-баптайтын маман.
Шопан
Төрт түлікті бағып, күтетін еңбек иесі.
Қорытынды бағыт:
Балалар ауылды танитынын айтады. Тәрбиеші ауыл еңбегін теледидар/бейнематериал арқылы таныстыруды жалғастырады және «Кішкентай бағбан» тақырыбына байланысты тапсырмаларға бағыттайды.
Автор туралы мәлімет
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі — Науанова Гүлзат Бекетқызы.