Астананың арасы алыс

Сабақтың тақырыбы: Шылау. Пысықтау

Бұл материал 4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағында шылау тақырыбын қорытындылап, білімді бекітуге бағытталған. Теорияны қайталау практикалық тапсырмалармен ұштасып, оқушының ойлау, тілдік және шығармашылық дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Білімділік

Өткен материалды теориялық тұрғыдан қайталап, оны практикалық тапсырмалар арқылы қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Озық әдіс-тәсілдер мен құралдарды қолдана отырып, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын, көркем ойлауын, шығармашылық қабілетін және сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Топта бірлесе жұмыс істеуге баулу, ынтымақтастықты күшейту, елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру мәліметтері

Сабақтың түрі
Қорытындылау және бекіту сабағы
Әдістері
Сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, СТО стратегиялары (ББҮ), ребус
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, ана тілі
Құрал-жабдық
Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

Шешулері: мен, туралы, үшін, қой (шылаулар).

II. Мағынаны ажырату

Ребустың шешулеріне сүйене отырып, бүгінгі сабақтың шылаулар тақырыбына байланысты екенін анықтаймыз. Бұл сабақта осы тақырып бойынша білім деңгейі тексеріліп, бекітіледі.

Қайталау: Сәйкестендіру тесті

Сөз табы Мысал (нөмір)
Зат есім 4. Гүлдер, Алпамыс, шеге
Етістік 6. Күлді, барма, секіріп жүр
Сын есім 1. Сары, дәмді, көк ала
Сан есім 3. Бесінші, алпыс, он
Есімдік 2. Біз, мен, сен
Үстеу 7. Тез, жазда, жоғары
Шылау 5. Пен, және, үшін

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.

Көркем жазу

Аа
Астана мен Алматының арасы алыс.

Ескерту

Тапсырмаларда шылауларды орынды қойып, сөйлемнің мағынасы мен тыныс белгілеріне назар аударыңыз.

1-тапсырма: Жалғаулық шылауларды қойыңыз

Көп нүктенің орнына -мен, -бен, және, -да, -де, -та, -те шылауларын қойыңыз.

  • Қостанай ... Астананың арасы алыс.
  • Астанада автобус ..., троллейбус ..., такси ... жүреді.
  • Орталықта орыс, қазақ ... театрлары бар.
  • Базарда көкөніс ... жеміс-жидек сатылады.

2-тапсырма: Сұраулық шылаулармен толықтырыңыз

Сөйлемдерді -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулық шылауларымен толықтырыңыз.

  • Бұл Парламент үйі ...?
  • Бұл сауда орталығы ...?
  • Қонақ үйде бөлме бар ...?
  • Ертең Наурыз мерекесі ...?
  • Қабылдау бөлмесінде кісі көп ...?
  • Күн суық ...?
  • Аяз ...?
  • Қонақтар келді ...?
  • Ағылшын тілін білесіз ...?

3-тапсырма: Тиісті сұраулық шылауды таңдаңыз

Әр сөйлемге сәйкес келетін сұраулық шылауды жазыңыз.

  1. Кеше ұшақ ұшты ...?
  2. Оқушы мектептен келді ...?
  3. Сіздің үйде түйе бар ...?
  4. Сенің атаң ауылда тұрады ...?
  5. Марат тамақ ішті ...?

Ой сергіту: «Өре» викторинасы

Қысқа сұрақтар арқылы білімді ширатып, назарды қайта жинақтаймыз.

  1. Қазақта бірге туған үш сәбиді қалай атайды? Жауабы: Үшем

  2. «Алпамыс батыр» жырының кейіпкерлерін атаңыз. Жауабы: Кейқуат, Қаракөзайым, Гүлбаршын, Аналық, Байбөрі, Тайшық

  3. Абай Құнанбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы қайда басылып шықты? Жауабы: Петербургте

  4. Ақынның қара сөздері алғаш рет қайда басылды? Жауабы: Семейде

  5. Елге бақ-береке тілейтін халық аңызындағы қария кім? Жауабы: Қыдыр ата