Оңтүстік Азия елдері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Азия дүние бөлігінің ерекшеліктері, климаты мен табиғат жағдайы, халқы және елдері туралы мәліметтерді әртүрлі білім көздері арқылы меңгерту, оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық
Оқушылардың тез қабылдау дағдысын дамыту, ой-қиялын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, өз пікірін айтуға және қорытынды шығаруға төселдіру; теориялық білімін және зейінін жетілдіру.
Тәрбиелік
Логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, ұлтжандылық пен руханилыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Баспасөз-конференция сабағы.
Әдістері
- Дамыта оқыту
- Сұрақ-жауап элементтері
- Шығармашылық әдіс
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, информатика, тарих.
Көрнекіліктер
Оқулық, атлас, кескін карта, дүниежүзінің физикалық және саяси картасы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ мақсаты таныстырылып, баспасөз-конференция форматының ерекшелігі түсіндіріледі.
II. Мақсат қою
- Географиялық орнын анықтау
- Табиғат жағдайы мен байлығы
- Климаты
- Халқы
III. Топтарға бөлу
Оқушылар дайындығына қарай 3 топқа бөлінеді; жүргізушілер қонақтарды таныстырып, тілшілер сұрақтарына жауап беруді ұсынады.
Аймақтық топтар
1-топ
Оңтүстік-Батыс Азия
2-топ
Оңтүстік Азия
3-топ
Оңтүстік-Шығыс Азия
Әр топтың географтары өз аймағының географиялық орнын сипаттап, елдерін және астаналарын атап өтеді.
Аймақтар бойынша шолу
1-топ: Оңтүстік-Батыс Азия
Еуропа, Азия және Африка дүние бөліктері тоғысқан тұста орналасқан ерекше аймақ. Көбіне Таяу Шығыс деп аталады.
Қамтитын аумақтар
Кіші Азия, Арабия түбегі және Иран таулы қыраты.
Жер бедері мен тектоника
- Ең биік тау жүйесі: Гиндикуш
- Ең биік таулы қырат: Армян таулы қыраты
- Сөнген жанартаулар бар; ең ірісі — Үлкен Арарат (5165 м)
- Өлі теңіз — теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлік (–403 м)
Негізгі елдер
Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан, БАӘ, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт, Сауд Арабиясы, Сирия, Иордания, Израиль және т.б.
| Ел | Аумағы (км²) | Астанасы |
|---|---|---|
| Ауғанстан | 647 500 | Кабул |
| Бахрейн | 665 | Манама |
| Кипр | 9 250 | Никосия |
| Иран | 1 648 195 | Тегеран |
| Ирак | 437 072 | Бағдад |
| Израиль | 20 770 | Иерусалим |
| Иордания | 92 300 | Амман |
| Кувейт | 17 820 | Кувейт |
| Ливан | 10 452 | Бейрут |
| Оман | 212 460 | Мускат |
| Катар | 11 437 | Доха |
| Сауд Арабиясы | 1 960 582 | Рияд |
| Сирия | 185 180 | Дамаск |
| Түркия | 756 768 | Анкара |
| Біріккен Араб Әмірліктері | 82 880 | Абу-Даби |
| Йемен | 527 970 | Сана |
2-топ: Оңтүстік Азия
Үндістан түбегі мен оған жалғас аралдарды қамтиды. Азияның басқа бөліктерінен Гималай және Үнді–Ганг ойпаты арқылы бөлінеді.
Құрамы
Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы.
Елдер ерекшелігі
- Ең үлкен ел — Үндістан
- Ең кішілері — Бутан және Мальдив
- Непал мен Бутан — тау елдері
Жер бедері
- Гималай етегіндегі Үнді–Ганг ойпаты
- Оңтүстікке қарай Декан таулы үстірті
- Ең биік нүкте — Джомолунгма (8848 м)
| Ел | Аумағы (км²) | Астанасы |
|---|---|---|
| Бангладеш | 144 000 | Дака |
| Бутан | 47 000 | Тхимпху |
| Үндістан | 3 167 590 | Нью-Дели |
| Мальдивтер | 300 | Мале |
| Непал | 140 800 | Катманду |
| Пәкістан | 803 940 | Исламабад |
| Шри-Ланка | 65 610 | Коломбо |
3-топ: Оңтүстік-Шығыс Азия
Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипелагы аумағындағы елдерді қамтиды. Аймақтағы ең ірі мемлекет — Индонезия.
Құрамы
Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней, Сингапур, Шығыс Тимор.
Аймақтық сипат
Теңіздік жолдар тоғысқан, аралдар мен түбектер көп шоғырланған кеңістік.
Есте сақтайтын тұстар
- Аралдық мемлекеттер үлесі жоғары
- Туризм мен теңіз саудасы дамыған
| Ел | Аумағы (км²) | Астанасы |
|---|---|---|
| Бруней | 5 770 | Бандар-Сери-Бегаван |
| Камбоджа | 181 040 | Пномпень |
| Шығыс Тимор | 15 007 | Дили |
| Индонезия | 1 419 588 | Джакарта |
| Лаос | 236 800 | Вьентьян |
| Малайзия | 329 750 | Куала-Лумпур |
| Мьянма (Бирма) | 678 500 | Нейпьидо |
| Филиппин | 300 000 | Манила |
| Сингапур | 704 | Сингапур |
| Таиланд | 514 000 | Бангкок |
| Вьетнам | 331 690 | Ханой |
Сарапшылар баяндамасы
Геологтар: пайдалы қазбалар
Оңтүстік-Батыс Азия
- Месопотамия ойпаты (Тигр мен Евфрат аралығы)
- Тас көмір, түсті металдар
- Вольфрам, хромит, полиметалдар
- Көлдерден ас тұзы
- Негізгі байлық: мұнай мен газ
Оңтүстік Азия
- Темір, мыс, марганец, хромит
- Алтын, алмас, графит
- Жағалық жазықтарда мұнай мен газ
- Сирек кездесетін асыл тастар
Оңтүстік-Шығыс Азия
- Қалайы мен вольфрам белдеуі
- Мыс, мырыш, күміс, алтын, темір
- Мұнай мен табиғи газ қоры мол
Биологтар: өсімдіктер мен жануарлар
Оңтүстік-Батыс Азия
- Өсімдіктер: шеңгел тәрізді тікенекті бұталар; шұраттарда құрма пальмасы
- Жануарлар: желаяқ бөкен, жабайы есек (онагр), бір өркешті жабайы түйе (нар)
- Тарғыл қорқау қасқыр, шиебөрі; кемірушілер көп
Оңтүстік Азия
- Пальмира пальмасы, хош иісті сандал, тик және майлы ағаштар
- Үндістан мен Шри-Ланкада жабайы пілдер сақталған
- Маймылдар кең таралған
Оңтүстік-Шығыс Азия
- Ротанг пальмасы (200–300 м-ге дейін), лианалар, орхидеялар
- Жабайы бұқалар, ит басты маймылдар, орангутанг
- Жолбарыс, қабылан
Дінтанушылар: діндердің таралуы
Оңтүстік-Батыс Азия
Ислам, христиан және иудаизмнің тарихи бесігі. Мұсылмандар (сүнниттер мен шииттер) басым, этникалық құрамы күрделі.
Оңтүстік Азия
Гималай бөктері — буддизм пайда болған өңір. Сонымен қатар ислам, индуизм және христиан діндері де кең таралған.
Оңтүстік-Шығыс Азия
Мұсылмандар мен буддалықтар басым. Мьянма, Таиланд, Лаос — будда; Индонезия, Малайзия, Бруней — ислам дінін ұстанады. Протестанттар мен католиктер де бар.
Демографтар: халық саны және тығыздығы (2010 ж. бағалау)
Оңтүстік-Батыс Азия
| Ел | Халық саны (млн) | Тығыздығы (адам/км²) |
|---|---|---|
| Ауғанстан | 29,1 | 45 |
| Бахрейн | 1,3 | 1807 |
| Кипр | 1,1 | 118 |
| Иран | 75,1 | 46 |
| Ирак | 31,5 | 72 |
| Израиль | 7,6 | 342 |
| Иордания | 6,5 | 73 |
| Кувейт | 3,1 | 175 |
| Ливан | 4,3 | 354 |
| Оман | 3,1 | 10 |
| Катар | 1,7 | 152 |
| Сауд Арабиясы | 29,2 | 14 |
| Сирия | 22,5 | 122 |
| Түркия | 73,6 | 94 |
| Біріккен Араб Әмірліктері | 5,4 | 64 |
| Йемен | 23,6 | 24 |
Оңтүстік Азия
| Ел | Халық саны (млн) | Тығыздығы (адам/км²) |
|---|---|---|
| Бангладеш | 164,4 | 1142 |
| Бутан | 0,7 | 15 |
| Үндістан | 1188,8 | 362 |
| Мальдивтер | 0,3 | 1070 |
| Непал | 28 | 191 |
| Пәкістан | 184,8 | 232 |
| Шри-Ланка | 20,7 | 315 |
Оңтүстік-Шығыс Азия
| Ел | Халық саны (млн) | Тығыздығы (адам/км²) |
|---|---|---|
| Бруней | 0,4 | 66 |
| Камбоджа | 15,1 | 83 |
| Шығыс Тимор | 1,2 | 77 |
| Индонезия | 235,5 | 124 |
| Лаос | 6,4 | 27 |
| Малайзия | 28,9 | 87 |
| Мьянма (Бирма) | 53,4 | 79 |
| Филиппин | 94 | 313 |
| Сингапур | 5,1 | 7526 |
| Таиланд | 68,1 | 133 |
| Вьетнам | 88,9 | 268 |
Этнографтар мен мәдениеттанушылар: мәдениет, сәулет, туризм
Оңтүстік-Батыс Азия
Ең ежелгі егіншілік өркениеттерінің бірі қалыптасқан, керуен жолдары өткен. Дамаск, Иерусалим, Бағдад, Мекке мен Медине, Басра, Стамбулда көне және жаңа сәулет үлгілері үйлесім тапқан.
Туризм
- Вифлеем — Израильдегі христиан әлемінің орталықтарының бірі
- Кипр — климаттық курорттық аймақ
- Лимасол — Кипрдің оңтүстік жағалауындағы курорт
- Мекке мен Медине — исламның негізгі діни орталықтары
Оңтүстік Азия
Ұзақ уақыт Ұлыбритания отары болғандықтан, табиғи байлықтары пайдаланылып, әлеуметтік-экономикалық дамуы баяулады. Тәуелсіздік алғаннан кейін даму бағыты жаңарды. Үндістанда сәулет өнерінің теңдессіз ескерткіштері көп, соның бірі — Аградағы Тәж-Махал.
Туризм
- Мумбай — ірі қала және туристік орталық (Үндістан қақпасы, триумфаль аркалар, Болливуд)
- Тәж-Махал — үнді сәулетінің жауһары, Шах Жахан мен жұбайына арналған мавзолей
Оңтүстік-Шығыс Азия
Туризм
- Сингапур — танымдық, сауықтыру және іскерлік туризм орталығы
- Самуи — Таиландтың оңтүстік-шығысындағы курорттық арал
- Пхукет — Таиландтың оңтүстік-батысындағы курорт аймағы
- Пинанг — Малайзияның солтүстік-батысындағы курорттық арал
- Бали — Индонезиядағы Кіші Зонд аралдары құрамындағы әйгілі курорт
Үй тапсырмасы
Азияның аймақтары мен елдері картасын және қосымша дереккөздерді пайдаланып, өз бетіңше Солтүстік Азия елдерінің қысқаша сипаттамасын құрастырыңдар.