Қош бол балабақшам

Іс-шара туралы

Өңір

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам қыстағы

Ұйым

№4 «Күн-нұры» балабақшасы, ересектер тобы

Тәрбиеші

Жиенбаева Гүнәр Қунтайқызы

Тақырыбы

«Қош бол, балабақшам!»

Зал іші ертеңгілікке сай безендірілді. Бұл кеш — бірнеше жыл бойы мәпелеп өсірген бүлдіршіндерді мектеп табалдырығына шығарып салатын ерекше сәт.

Салтанатты ашылу

Тәрбиешінің құттықтауы

Қымбатты ата-аналар, қонақтар және балабақша қызметкерлері! Бүгін біз бірнеше жыл бойы күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Қуаныш шаттық, алақай —

Қуанатын күн бүгін.

Балабақшамен балақай

Қоштасатын күн бүгін.

Жасымызға жас толып, біріншіге барамыз!

Ендеше, сүйікті балабақшамен қимастықпен қоштасқалы тұрған балаларымызды ортаға қошеметпен шақырамыз.

Ақ жол тілегі

Айналайын балалар, алда мектеп – ана бар.

Өздеріңмен өседі өнерпаздар, даналар.

Жеті жасқа жеттіңдер — терең білім алатын кез.

Мектепке бағыт алыңдар, құтты болсын қадамдарың!

Біз сендерге сәтті сапар тілейміз, қуаныштарыңа ортақпыз.

Хормен

«Құтты болсын тойларың!»

Мемлекеттік рәміздер

Еліміздің рәміздерін құрметтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Құттықтау сөзі

Ертеңгілігімізді ашу үшін балабақшамыздың меңгерушісі Перуза апайға сөз беріледі.

Жүргізушілердің қарсы алуы

Жүргізушілер

  • Дулат: Қадірменді апайлар,
  • Нұрай: Қымбатты апайлар,
  • Сымбат: балабақша қызметкерлері,
  • Рита: аяулы ата-аналар!

Хормен

«Көгершін» тобының «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Кештің көңіл күйі

Сымбат: Құтты болсын қадамдарың, қонақтар! Біздің тойдың көрермені болыңдар. Балалардың өнерін тамашалап, марқайып, алақан соғыңдар!

Дулат: Ақтілекті ағылтып бір тастайық, қоштасу кешімізді бастайық!

Нұрай: Жүздеріңізде шаттық арайы, әр күніңіз осылай жарқын өтсін!

Рита: Сөзіме құлақ салыңдар, бір серпіліп қалыңдар. Бүгінгі жыр-әніміз қоштасуға арналады: біз оқушы боламыз, оқу-білім аламыз!

Хор

«Сәлем саған, мектебім»

Музыкалық номер

Сымбат пен Нұрайдың орындауында «Біріншіге барамыз» әні.

Балалардың тақпақтары мен өнері

Тақпақтар

Гүлсезім

Алтыға толып биыл мен,

Әдепті бала боламын.

Қуантып ата-анамды,

Мектепке кетіп барамын.

Рита

Қызық күндер өткіздік,

Балабақша баяғыда.

Көп ойнадық, көп күлдік —

Ел мен Отан жайында.

Әділет

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер-білім үйреніп,

Білімді ұрпақ боламыз.

Бекзат

Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асынып,

Мектепке барам асыға.

Ән мен би

Ән

«Аналар әні»

Арайлымның орындауында.

Тәрбиешінің сөзі

Бірге болсын тойымыз, құтты болсын тойымыз!

Қыздарымыз шаттана би билейді тамсана.

Оқуға дайындық туралы

Перизат: Оқушы ертең боламыз, оқимыз, білім аламыз. Жақсы оқып сабақта кілең бестік аламыз!

Ерасыл: Міне, мен де үлкен болдым, жасым толды жетіге. Кітаптағы ертегілерді енді оқимын шетінен.

Ардақ: Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын. Дайын кітап-дәптерім.

Арнайы қонақ/жүлдегер

Ақниеттің орындауында «Бипыл» әні

Аудандық «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы.

Би

Биші қыздар

Гүлсезім, Рита, Азиза, Сымбат

Туған тіл мен балабақшамен қоштасу

Нұржас

Ана тілін ардақтап, ата салтын біз көрдік.

Сурет салып, ән жаттап, оқып-жазып үйрендік.

Мансур

Балабақша, қош енді, әркез аман бол дейміз.

Әкем менен анамды енді ертіп келмеймін.

Ән

«Асыл әжем»

Сымбаттың орындауында.

Азиза

Қуанамыз, сыйлаймыз қуаныштың мың гүлін.

Балалықты қимай біз қоштасатын күн бүгін.

Жанель

Үйретіп сөйлесуге сізден ойым өседі.

Мен мектепке барамын, балабақша — қош енді!

Айжан

Тәрбие берген ұямыз, тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып бақшамен, мектепке біз барамыз.

Келесі кезек — ән мен биге

Музыкалық бөлім жалғасады.

Алғыс айту сәті

Ұжымға ризашылық

Нұрай

Орын берген бақшамыздың меңгерушісі — мейірімді жан. Сондықтан біз Перуза апайға шын жүректен алғыс айтамыз.

Сымбат

Тәрбиеші апайларымыз әрдайым ақыл-кеңес беріп, әр адамның жүзіне жақсылық тілейді. Әдіскер Анар апайға мың алғыс!

Ортақ тілек

Тәрбие берген ұямыз — балабақшамен және психолог апаймен қоштасып, бірінші сыныпқа қадам басамыз.

Жанель

Есеп-қисап жүргізіп, балабақшаның берекесін кіргізетін Забида апайымызға мың алғыс!

Гүлсезім

Дәрумен беріп, денсаулығымызды қадағалаған дәрігер Ләззат апайға алғыс айтып барамыз.

Айдын

Бәрін дер кезінде дайындап, қамымызды ойлаған қоймашы Алтынкүл апайға мың алғыс!

Асхана ұжымына алғыс

Томпиған тәтті бауырсақ, аппақ таза сүлгі — шебер қолды аспазшы апайларымыз әрдайым есімізде қалады. Бал татырған Жұмагүл, Айгүл, Гүлайым апайларға рахмет айтамыз.

Тәрбиеші көмекшілеріне алғыс

Ақ төсекке жатқызып, тәтті тамақ ұсынып, бізбен бірге ойнап, әр күнімізді жайлы еткен тәрбиеші көмекші апайларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Қорытынды

Естелік пен тілек

Тәрбиеші балаларға алқа, жұмыстар жинағы, портфолио және виньеткаларын табыстайды.

Ақ жол, балақайлар!

Мектепке енді барыңдар, үлгілі бала болыңдар.

Жақсы оқып сабақты, кілең бестік алыңдар.

Көк жүзінде самғаңдар, тауды бұзып, тас жарып, мұхиттарды жалғаңдар.

Күллі әлемді шарлаңдар, ғарышқа да самғаңдар.

Хор

«Қош бол, балабақшамыз! Қош сау болыңыздар!»