Қойылған сұрақтарға жауап бере алу
Мақсаты
Білімділік
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, дұрыс айтуын және дыбысталуын үйрету.
Дамытушылық
Балалардың тілін, ойлау қабілетін және тыңдап түсіну дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Сұрақтарға жауап беруге баулу, жануарларды жақсы көруге және қорғауға тәрбиелеу.
Ашық оқу іс-әрекетінің барысы
I. Мотивациялық-қозғаушы кезең
Тәрбиешінің әрекеті
Балалармен амандасады. «Шаттық шеңберін» құрады.
«Балалар, менің қолымда әдемі, сары түсті дөңгелек бар. Қазір мен бір ағылшын сөзін айтып, оны тақтаға ілемін» — дейді де, сөзді айтады:
Сөз Shoes
Балалардың әрекеті
Әр бала бір сөз айтып, жолақшаларды дөңгелектің айналасына іледі.
Тәрбиеші қорытынды жасайды: «Сендердің білетін сөздеріңнен шуағын төккен күн пайда болды».
II. Іздену-ұйымдастырушы кезең
Бүгінгі сабақ ертегімен басталады. Балалар мұқият тыңдайды.
Халық ертегісі
Ит пен мысық неге араз?
Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты. Бір күні бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеп кетеді.
Мұны көрген ит пен мысық қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап үйлеріне қайтады.
Үнсіз келе жатқан екеуі кенет май сіңген дорбаның иісін сезеді. Ит қыңсылап, мысық мияулап қуанады. Ит айнала жүгіріп, тіміскілеп жүріп, бір тышқанның інін қаза бастайды. Мысық аңдып отыра береді.
Ит іннің түбіне жеткенде, алтын салынған майлы дорбаны тышқан тығып қойғаны анықталады. Ит алтынды мысықтың алдына лақтырып: «Мынаны көрдің бе?» — дейді.
Сол сәтте мысық иесіне жақсы атанбақ болып, иттен бұрын алтынды ала қашады. Үй-үйдің төбесімен қарғып жүгіріп, иесіне жетіп, алтынды тастай салады. Қожасы қуанып, мысықты бауырына басып, аймалайды.
Көп ұзамай қара терге түсіп, сабалақ-сабалақ болып ит те жетеді. Ол қожасының аяғына оралып, қыңсылай еркелегенмен, қожасы ештеңені түсінбей итін теуіп, жекіріп қуып жібереді. Жәбір көрген ит ызаланып, мысыққа тап береді. Қожасы арашалап, екеуін әрең ажыратады да, мысықты үйге алып кетеді. Сол күннен бастап итті үйіне жолатпайды.
Содан бері ит пен мысық араз болып қалыпты. Ал мысықтың тышқанға өштесуі де сол күннен басталыпты.
Талқылау сұрақтары
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Ертегідегі кейіпкерлерді атаңдар.
Күтілетін жауап: ит, мысық, тышқан.
Жаңа сөздер
Ертегідегі кейіпкерлердің атауларын ағылшын тілінде айтамыз және дұрыс дыбыстауға жаттығамыз.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы сөздерді есте сақтаймыз.
III. Рефлексиялық-коррекциялық кезең
Тәрбиешінің әрекеті
«Допты қағып ал» ойыны арқылы жаңа сөздерді қайталаймыз. Сонымен қатар ертегіні еске түсіріп, кейіпкерлердің атын ағылшынша айтамыз.
Балалардың әрекеті
Ойын барысында сөздерді қайталайды және дұрыс айтуға тырысады:
Қорытынды
Тәрбиеші балаларды мадақтайды және сабақты қорытындылайды: жаңа сөздер бекітілді, ертегі мазмұны талқыланды, сұрақ-жауап арқылы түсіну деңгейі анықталды.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
Жаңа сөздердің дұрыс айтылуын және дыбысталуын.
Түсінуі керек
Ертегінің мазмұнын және негізгі кейіпкерлерін.
Қолынан келуі керек
Қойылған сұрақтарға жауап беру, ойын барысында сөздерді қолдану және ағылшын тіліне қызығушылық таныту.