Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап

Кіріктірілген оқу іс-әрекетінің сипаттамасы

Кіріктірілген білім беру салалары

Коммуникация, Шығармашылық

Оқу іс-әрекет бөлімдері

Сөйлеуді дамыту, Аппликация

Тақырыптық жоспар

  • Блок тақырыбы: Заттық әлем
  • Апта тақырыбы: Үйді немен тұрғызамыз?
  • Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Мен құрылысшы боламын», «Біз үй саламыз»

Мақсаты

Білімділік

  • Әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, мамандық пен жұмыс түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) дұрыс айтуға үйрету.
  • Құрылысшы мамандығымен және оның еңбегімен таныстыру.
  • Құрылыс материалдарының бөлшектерін ажырата білуге үйрету.
  • Геометриялық пішіндерді қиюға және олардан қалаған нысандарды құрастыруға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Тәжірибелік-эксперименттік әрекет арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Тұрмыстық заттарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
  • «Үй», «қала» сияқты жалпы ұғымдарды қалай түсінетінін анықтап, сөздік қорын жүйелі түрде толықтыру.
  • Сөздерді әртүрлі грамматикалық формада (жекеше, көпше) қолдана білуін тереңдету.
  • Қию техникасын және ұқыптылық дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Әртүрлі мамандықтарға қызығушылық оятып, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  • Кез келген іс-әрекетке шығармашылықпен қарауға баулу.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Суретпен жұмыс

Көрнекілік және материалдар

  • Мамандықтардың суреттері, үй бейнесі
  • Дидактикалық материалдар
  • Ақ қағаз, желім, түрлі-түсті қағаздар
  • Көрнекі суреттер, АКТ

Билингвальды компонент

Сөйлем

Мен құрылысшы боламын

Я буду строителем

Сөз

Үй

Дом

Сөз

Құрылыс

Стройка

Жүру барысы

Сәлемдесу

«Сәлемдесу — тәрбиенің басы», — деп қонақтармен амандасу.

Қазақша

Сәлеметсіздер ме!

Русский

Здравствуйте!

English

Good morning!

Шаттық шеңбер

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар

Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар

Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар

Сәлем!

Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар

Сәлем!

Автор туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №33 «Көркемай» балабақшасы

Тәрбиеші

Есбергенова Салтанат Асхатовна

Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Мен құрылысшы боламын», «Біз үй саламыз»