Кейде айтар сөзді нық, Аппағым тұрар алдымнан

«Рахмет саған, сүйікті Әліппем!»

Бұл мерекелік ертеңгілік — бірінші сынып оқушыларының алғаш рет қолына ұстап, әріп танытқан оқулығы «Әліппемен» қоштасу сәтіне арналған.

Мақсаты

  • Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу.
  • Кітап оқу шеберлігін, тақпақ айту мәнерін, есепке жүйріктігін және өнерін таныту.

Көрнекілігі

  • Оқушылардың үлгілі, таза дәптерлері.
  • А. Құнанбаев пен Ы. Алтынсариннің суреттері.
  • Ұлағатты сөздер мен нақылдар.

Барысы

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және қадірлі қонақтар!

Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы — «Әліппемен» қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

«Хош келдіңіздер!» дей отырып, «Рахмет саған, Әліппе!» атты мерекемізді бастайық.

Сахналық көрініс

Оқушылар біртіндеп залға кіреді. Әр оқушы өзіне арналған өлең шумағы айтылып, аты аталған кезде ғана ортаға шығады.

Жалпы арнау

2013 жылдың түлектері — 17-нің жүректері,
Қуаныштан жарылардай — орындалды тілектері.

Әріптердің бәрін меңгеріп, Әліппені еңсеріп,
Қоштасқалы тұр енді — таныстықты жөн көріп.

Шапалақ соғыңдар, қуат беріңдер,
Таныстырам — қошеметпен құп алыңдар!

Оқушыларды таныстыру (өлең арнаулар)

  1. 1. Тоғжан

    Адалдықты қамал қып, ақ жұлдызды тағынған,
    Шынайы асыл адамдық — Тоғжанымнан табылған.

  2. 2. Дидар

    Бірте-бірте білінбей, бойы өсіп ұзарған,
    Дидарымдай жігіттер — оттай болып қызарған.

  3. 3. Меруерт

    Көктеген әсем гүлдердей — балапан бал бұрымың,
    Аз болар, қызым, Меруерттей сүйкімді әрі сұлуым.

  4. 4. Асылхан

    Маңғаздық пен сабырлық — Асылханнан табылған,
    Кейде айтар сөзді нық — аппақ боп тұрар алдымнан.

  5. 5. Асылан

    Серпілтіп ту көтерер — Асылан дара жасынан,
    Сөзі дара, өзі нық — тәрбиесі дұрыс басынан.

  6. 6. Дархан

    Өр даусы жұртты үйірер — Дарханым менің сұңқардай,
    Жазуы маржан сүйсінер, кейде қырсығып қалғандай.

  7. 7. Саржан

    Саржан балам биязы — тұнып қалған бұрқанбай,
    Алыста кейде қиялы, бұзады кейде талқандай.

  8. 8. Ильяс

    Келбеті қандай келіскен — Ильяс толқып тұр іштен,
    Берілген оқу-сабаққа, дарынды ғой әр істен.

  9. 9. Айзере

    Қаракөз сұлу Айзере — беделі биік сыныпта,
    Әдемі жазу, қате жоқ — ешқашанда қамықпа.

  10. 10. Жансая

    Қарауға көз тоймаған — жанары жаздай Жансая,
    Өз дегенін қоймаған — білімімен ол сая.