Екі сиырдың мүйізі нешеу

Білім беру саласы: Таным

Ұ. О. І. Ә: ҚМТҚ Тақырыбы: Үлгі бойынша санау Сандарды салыстыру: 4–5 Тәулік бөліктері Кеңістіктік ұғымдар: сол жақ, орта, оң жақ

Мақсаты

  • Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету.
  • Кеңістіктік қарым-қатынастарды түсіндіру: заттың орналасуын анықтау және сөзбен дәл атау (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).
  • Балаларды 5 зат арасындағы сәйкестікті табуға және оларды бестен топтастыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрсету
  • Түсіндіру
  • Көрнекілік

Көрнекі құралдар

  • Цифрлар карточкалары
  • Заттық суреттер

Мотивациялық-қозғаушылық

«Цифрды тап» дидактикалық ойыны өткізіледі: тақтаға 1–5 дейінгі сандар ілінеді. Содан соң бір бала шақырылып, бір цифрды алып шығады және оның неге ұқсайтынын айтып береді.

Одан кейін балалармен бірге тура және кері санау орындалады.

Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі

1-тапсырма: Жұмбақ

Бір аяғы бар, қалқиған қалпағы бар, ағаш түбінде тұрағы бар. Ол не?

2-тапсырма: Кеңістікте бағдарлау

  • Саңырауқұлақтың үстінде не бар?
  • Ал артында не тығылып тұр?
  • Үй мен ағаштың арасында не бар?

Негізгі сөздер: сол жақта, ортасында, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында.

3-тапсырма: Санау сұрақтары

  • Бес сиырдың басы нешеу?
  • Екі сиырдың мүйізі нешеу?
  • Оң қолыңда неше саусақ бар?
  • Басымызда неше шаш бар?

4-тапсырма: Цифрды көрсету

Тәрбиеші атаған санды балалар цифрлар арқылы көрсетеді.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосамыз,
Қатты-қатты соғамыз.

Қимыл-қозғалыспен бірге орындау ұсынылады: алақанды ашу, саусақтарды санау, соңында қол соғу.

Қорытынды

Сабақ барысында балалар үлгі бойынша санауды, 4 пен 5-ті салыстыруды, тәулік бөліктерін ажыратуды және заттың орнын (сол жақта, ортасында, оң жақта) дұрыс айтып беруді бекітеді.