Сабақтың тақырыбы. Сабақтың барысы

Сабақтың тақырыбы

Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Айранбай» әңгімесі арқылы сол кезеңдегі қазақ тұрмысын және оның шынайы көрінісін тану.

Дамытушылық

Жазушы тілін зерттеу, көркемдік детальдің қызметін анықтау.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа, намысшылдыққа баулу; адамгершілік құндылықтарды талқылау.

Сабақтың сипаты

Әдісі

Проблемалық әдіс.

Түрі

Зерттеу сабағы (Қанапия Бітібаева технологиясы бойынша).

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • Ән-күй
  • Әдеп
  • Бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Кезекшімен қысқаша сұхбат.

II. Үй тапсырмасын қайталау

Үй тапсырмасы жаңа тақырыппен байланыстырыла отырып талданады.

III. Жаңа сабақ

Бейімбет Майлиннің «Айранбай» әңгімесін оқып, талдауға алдын ала тапсырма беріледі. Әңгіме көлемі шағын болғанымен, көтеретін мәселесі ауқымды, салмағы ауыр екенін аңғаруға болады.

Талқылауға бағыттайтын сауалнама сұрақтары: оқушылар 1–2 минут ойланып, ауызша жауап береді.

  1. Қалай ойлайсыңдар, әңгіме неге Айранбайдың үй ішін суреттеуден басталады?
  2. Мәдениеттің төмендігі байқала ма?
  3. Мәдениеттің төмендігіне әсер етіп отырған не?

    Нұсқа ойлар: Айранбайдың кедей тұрмысы, жоқшылық пен жетіспеушілік, көңілсіздік, әлеуметтік теңсіздік, байдың қайырымсыздығы.

  4. Айранбайдың бұрынғы өмірі мен әңгіменің соңындағы Айранбайға сипаттама беріңдер.

    Әңгіменің басында Айранбай бай туысы Кемелбайға сенеді. Соңында рухани түрленуі байқалып, жаңа өмірге қадам басуы негізгі мәселеге айналады: басында кір-қоқыс арасында отырса, соңында оны сілкіп тастап, жаңаруға бет бұрады.

  5. Айранбай «кәменеске жазыламыз» деген қорытындыға неге келеді?
  6. Егер Кемелбай Айранбай сұраған қайысты Раушанға берсе, Айранбай бұрынғы қалпында сараң ағайынның ықпалында қалар ма еді?
  7. Айранбайдың сенгені бар: «кәменеске жазылғандарды қазына асырайды» деген түсінік. Қазіргі кезде осы идеямен келісер ме едіңдер?

Көркемдік ерекшелікке назар

Бейімбет Майлин әңгімелеріне тән сипат — детальдің салмақты қызметі. Бұл шығармада оқиға желісі қайыс деталі арқылы өрбиді.

Зерттеу жұмысы

Топтық тапсырма

Алдын ала берілген тапсырма бойынша бірінші топ әңгіме құрылымын зерттейді.

IV. Зерттеу нәтижелерін ортаға салу: «Айранбай» әңгімесінің құрылысы бойынша талдау.