Отырмыз тіл қатыспай

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Екеу - ақпыз. Отырмыз тіл қатыспай.
Сен Күншығыс, мен бейне Күнбатыстай.
Бұл үнсіздік қанша күн өмір сүрмек,
жүруші ек қой қайғы да, мұң да құшпай.
Неге, неге осынша алыстадық,
өліп - өшкен жүректі жаныштадық?
Сен отырсың жігіттік өрлігіңмен
иілуге алдымда намыстанып.
Менде ме деп бар кінә, мұңға баттым,
құптамаппын бас иіп, тыңдамаппын.
Көтергендей аспанды мен де отырмын,
нәзік жыныстығымды бұлдап - ақ тым.
Қойшы, жаным, пайда не бұдан ұтқан,
жүдеу тартты дүние, құлазып маң.
Біз екеуіміз "сыймаймыз", несіне онда
татулықты күтеміз мына жұрттан...



Ұқсас жұмыстар

Жағдаяттық толымсыз сөйлемдер
Белгісіз жақты сөйлем
Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы
Толымсыз хабарлы сөйлемдер
Оқытудың белсенді әдістері жайында
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Тезірек таза су ішемін десеңіз..
Оқыту тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
ТІЛЕУҚАБЫЛ ӨТЕЙБОЙДАҚ
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Паскаль программалау тілі