Біз - Қазақстанның болашағымыз

Сыныптан тыс сабақ: «Мен — Қазақстан болашағы!»

ШҚО, Семей қаласы, №27 жалпы орта білім беретін мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметқалиева Бақытгүл Ниғыметоллаевна.

Патриоттық тәрбие Тіл мен тарихқа құрмет Шығармашылық Командалық жұмыс

Сабақтың мақсаты

  • Елдің ертеңі мен болашағы шәкірт қолында екенін ұғындыру.
  • Оқушы санасында халқына деген мақтаныш сезімін ояту; ана тілін, тарихын, өнерін қастерлеуге тәрбиелеу.
  • Патриоттық тәрбие беру, адамгершілік пен әдептілікті қалыптастыру.
  • Ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық-танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер

Лента

Ұранды визуалды бекіту

Тулар

Рәміздерді қастерлеу

Постерлер

Топтық жоба қорғау

Слайдтар

АКТ арқылы көрнекі қолдау

Сабақтың өту барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Қонақтар АКТ залына кіріп, орындарына отырады. Музыка ойнап тұрады. Экраннан мектеп туралы слайд көрсетіледі. Кенет экранда музыкамен бірге «Жаңалықтар» айдары пайда болады.

Журналисттің кіріспе сөзі

«Армысыздар! Сіздерге күндізгі жаңалықтарды ұсынамыз! Бүгін қаламыздың білім ордаларының бірі — №27 жалпы орта білім беретін мектепте “Мұғалімнің кәсіби біліктілігі нәтижесіне бағытталған білім сапасының кепілі” тақырыбында қала мектептері басшыларына арналған семинар өтуде. Семинар барысында мектеп, оқушы және мұғалім жетістіктері ұсынылып, түрлі ашық сабақтар ұйымдастырылып жатыр. Дәл қазір мектепте “Мен — Қазақстан болашағы!” атты сыныптан тыс сабақ өтуде. Ендеше, бірге тамашалайық!»

2) Ойын: «Ғажайып алаң»

Мұғалім оқушыларға ойынның шартын түсіндіреді және топтық тәртіпті бекітеді.

Ойын шарты

  1. Сұрақты мұқият тыңдап, ойланып жауап беру.
  2. Бір-бірімізді тыңдау.
  3. Жауап дайын болғанда, дайын топ туды жоғары көтереді.

Сұрақтар мен дұрыс жауаптар

1-айналым: Қазақ хандығына биыл қанша жыл толды?
Дұрыс жауап: 550 жыл
2-айналым: ҚР рәміздерінің бірі — Тудың авторы кім?
Дұрыс жауап: Шәкен Ниязбеков
3-айналым: Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде нешінші орында?
Дұрыс жауап: 9-орын
4-айналым: Қазақ жерінің ең биік нүктесі?
Дұрыс жауап: Хан Тәңірі
Ақтық ойын: Ұлы Абайдың туғанына неше жыл толды?
Дұрыс жауап: 170 жыл

Нәтиже: әр топ 2–3 ұпайдан жинайды. Келесі кезең — үй тапсырмасы бойынша топтардың таныстырылымы.

3) Үй тапсырмасы: «Болашақ — менің Қазақстаным!»

Оқушыларға алдын ала постер дайындау, сондай-ақ топ атауы мен ұранын әзірлеу тапсырылған. Ұпайы жоғары топ өз таныстырылымын бастайды.

1-топ

«Қыран»

Постер қорғау

Постер Қазақстанға арналады. Мектеп 12 қанат киіз үй бейнесі арқылы көрсетіледі: болашақта біз 12 жылдық білім алып, сәулетті мектептерде оқимыз.

Негізгі ойлар

  • Кең байтақ даланы қорғаған ерлік — ұлт рухының тірегі.
  • Көк байрақ әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздіктің белгісі болып қала береді.
  • Қазақстан халықтармен достық қарым-қатынаста өмір сүреді.
  • Болашаққа қиял: кептеліс азайып, «әуе жолы» секілді жаңа мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін.

Ән

«Қазақ елі» әні (орындайтын: Ақерке).

2-топ

«Жұлдыз»

Ұран

«Ақылды біз баламыз, жарқылдаймыз, жанамыз!»

Оқушылар өздерін тәуелсіз Қазақстанның болашағы ретінде таныстырады: елдің көркеюі мен өркендеуі білім, тәрбие, өнер және жетістік арқылы жүзеге асады. Алда үлкен мақсат — Болашақ шыңы, оған талмай, нық сеніммен ұмтылу керек.

Тілек-нақылдар

  • Күніміз ашық болсын!
  • Жеріміз кең болсын!
  • Ауамыз таза болсын!
  • Суымыз тұнық болсын!
  • Гүліміз жайқалып өссін!

Рәмізге құрмет және болашаққа көзқарас

«Қыран құсым көк аспанда самғасын, желбіресін көк байрағың сан ғасыр!» — деген оймен оқушылар мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді басты құндылық ретінде атап өтеді. Сонымен бірге, Қазақстанның әлем халықтарымен достығы, жаңа баспана үлгілері, пайдалы қазбаны сақтайтын қоймалар және ғылыми-ғарыштық байланыстар секілді болашақ мүмкіндіктері айтылады.

Әдеби монтаж (өлеңдер)

Естай: Отан! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Аружан: Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға — сол қайғы!

Нұрай: Өзіңсің, Қазақстан, ән-арманым да, аяулым, алтын бесік, қара орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар, өзіңдей ұлан-байтақ далам барында.

Жігер: Керемет өріледі гүл өңірде өлең, кезің қандай өрік пен шие гүлдеген. Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді, қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Гүлім: Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің, жетер біраз есіңде қала алса өлеңім. Халқым маған сенеді әлсіз демей, өйткені мен, туған жер, саған сенемін. Жасай бер, Қазақстаным.

Қорытынды және ортақ ұран

Мұғалім оқушыларға: «Бүгін Қазақстан туралы постер қорғап, туған өлкеге ән-жыр арнадыңдар. Ал болашаққа қандай ұранмен барамыз?» — деген сұрақ қояды.

Оқушылар (хормен)

«Алау болып жанамыз, көкке қанат қағамыз!
Біз бақытты баламыз! Біз — Қазақстанның болашағымыз!»

(Оқушылар лентаны жоғары көтереді.)

Шығармашылық нөмір

Республикалық 15-ші Абай оқуларының жүлдегері, 3-орын иегері — Закария Әлия «Мен жастарға сенемін!» шығармасын ұсынады.

Ән

«Қазақстан» әні (қыздар триосы орындайды).

Журналисттің қорытынды сөзі

«Міне, осылай №27 мектеп ұстаздары бүгінгі таңда егемен еліміздің дарынды ұрпақтарын тәрбиелеуде. Назарларыңызға көп рақмет!»