Наурыз той береке

Мақсаты

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін таныту және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Балаларға Наурыз мерекесінің мәнін ұғындыру, мерекені ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттау және ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі

  • Салт-дәстүрге сай безендіру
  • Нақыл сөздер
  • Ұлттық тағамдар

Жүргізушінің сөзі

Мерекелік ашылу

Армысыздар, халайық! Бармысыздар, халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай, жылда қарсы алайық. Мереке — Наурыз, жыл басы! Наурыз тойы құтты болсын!

Тілек

Дендеріңіз сау, мықты болсын. Аман-есен болайық.

Береке

Еліміздің несібесі көп болсын! Жауын жауып, жер бетіне көк толсын! Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Әнмен бастау

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй», — деп Абай атамыз айтқандай, ертеңгілігімізді тамаша әнмен бастайық.

Ән «Наурыз көктем»

Шашу дәстүрі

Қашан да құт-береке орнасын деп, тойларда шашу шашу салты бар. Уа, халайық, теріп ал шашуыңды — халқымның ақ тілеуі қабыл болсын!

Көрініс

Әжелер шашу шашады.

Би

Ұлдар биі.

Қыдыр ата және бата

Мұсылман ұғымы бойынша, 21 наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Осы түні әр адам қандай ой-арман тілесе, қабыл болады деп ырым еткен.

Қошемет

Ортаға Қыдыр атамызды шақырайық. Хормен: «Қош келдіңіз, Қыдыр ата!»

Қыдыр атаның сөзі

Армысыздар, халайық! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жүргізушінің өтініші

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алсаң, сонда олжалы жол болар», — деп өзіңізден бата сұраймыз.

Бата

  • Ұлыс оң болсын!
  • Қайда барсаң жол болсын!
  • Денсаулықтарың зор болсын!
  • Көйлектерің көк болсын!
  • Қарындарың тоқ болсын!
  • Қуаныш-шаттық көп болсын!

Жауап: «Әумин»

Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!

Балалардың тақпақтары

Зере

Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап!

Амина

Жыл басы — Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем оянды.
Наурыз — той, береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!

Еркебұлан

О, ағайын, ағайын,
Думанға толы маңайың.
Мереке болып келіп тұр,
Наурыз айы — бал айың.

Р. Бексұлтан

Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.