Ашыққан суықторғай
Атырау қаласы · Амангелді селосы
Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Башиева Ақерке Шамилқызы
Сабақтың тақырыбы
М. Зверов — «Суықторғай»
Сабақ түрі
Іскерлік пен дағды қалыптастыру
Мақсат пен күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Оқушылар әңгімені түсініп оқиды, мазмұнын талдайды және өздігінен оқып-үйрену дағдыларын дамытады.
Күтілетін нәтиже
- Суықторғайдың тіршілігі туралы білімдері кеңейеді.
- Өздігінен ізденіп, мәлімет жинайды.
- Топта пікір алмасып, ой бөліседі.
Әдіс-тәсілдер
- Дамыта оқыту
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
- Айтылым, жазылым, тыңдалым
АКТ және көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Автордың суреті
- Құстардың суреттері
- Үнтаспа (мәтінді тыңдату)
Сабақ барысы
I. Психологиялық дайындық
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз әрпінен басталатын қасиетті сөздерді атап шығады.
А тобы
Аяулы, ардақты, айбатты, айбынды, асыл, ажарлы
Б тобы
Байсалды, байыпты, белсенді, берік, батыл, білімді
С тобы
Салмақты, сабырлы, сергек, сезімтал, серіктес, сенімді
II. Мотивациялық кезең
Қызығушылықты ояту: «Сұрақтар шеңбері»
- 1.Әңгімеде қыстың қатал мінезі қалай суреттелген?
- 2.Адасып қалу қаупі төнгенде Қасым қандай әрекет жасады?
- 3.Жерге құлағын тосқанда Қасым нені естіді?
- 4.Автор бұл боранды қалай атайды?
- 5.Қасым қандай бала?
- 6.Кейіптеу дегеніміз не?
«Сиқырлы сандар» тапсырмасы
«Суықторғай» сөзі қандай сөздер тобына жатады?
Жауап
Біріккен сөз
Екі не одан да көп түбір сөздің бірігуінен жасалған сөздер біріккен сөздер деп аталады.
III. Операциялық кезең
1) Автор туралы қысқаша мәлімет
Зверев Максим Дмитриевич (29.11.1896, Ресей, Алтай өлкесі, Барнаул — 1996, Қазақстан, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы.
1923 жылы Томск университетін бітірген. 1923–1937 жылдары Сібір өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск қалалық зоопаркінің директоры, Томск университетінде доцент қызметтерін атқарған.
1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1937–1952 жылдары Алматы зоопаркінде ғылыми бөлімді басқарған, директор болған, сондай-ақ ҚазМУ-де доцент қызметін атқарған.
Негізгі шығармалары
Алғашқы повесі — «Ақ марал» (1920). Жинақтары мен еңбектері: «Індер мен ұяларда» (1937), «Ормандағы кездесулер» (1938), «Алатау қорықтары» (1946), «Ертіс тоғайлары мен далаларында» (1950), «Орман алауы жанында» (1952), «Алтын киік» (1957), «Көкпектінің аңшысы» (1963), «Дала қасқыры» (1975), «Орманда ауа райын болжау» (1987), «Орман күзетінде» (1987) және т.б.
Жазушы шығармашылығы Сібір мен Қазақстан табиғатымен тығыз байланысты. Ол оқырманды құстар мен аңдардың тіршілігімен таныстырып, табиғатты қорғау идеясын алға тартады. Кітаптары бірнеше шетел тіліне аударылған.
Марапаттары: Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», екі рет «Құрмет белгісі» ордендері және бірнеше медаль.
2) Мәтінмен жұмыс
- Үнтаспадан мәтінді тыңдау.
- Мәтінді тізбектей және мәнерлеп оқу.
3) Сөздік жұмысы
Бедері — ізі, белгісі.
4) Топтық жұмыс (айтылым, жазылым, тыңдалым)
А тобы
Мәтін мазмұнын баяндайды.
Б тобы
Мәтін бойынша жоспар құрады:
- 1.Қысқы серуен
- 2.Жұмбақ із
- 3.Ашыққан суықторғай
- 4.Жайлы қоныс
- 5.Көктемді қарсы алу
С тобы
Суықторғай туралы интернеттен мәлімет жинайды.
Танымдық анықтама: суықторғай (бозшымшық)
Кәдімгі суықторғай (бозшымшық) (лат. Pyrrhula pyrrhula) — құнақтар тұқымдасына жататын құс. Дене тұрқы шамамен 16 см, салмағы 32–34 г. Төбесі, қанаты, құйрығы қара; мойнының үсті мен арқасы сұрғылт. Аталығының бауыры қызғылт, аналығы қоңырқай-сұр реңді болады.
Батыс Алтайдың қылқанжапырақты ормандарында кездеседі. Қыстап шығу үшін Орта Азияға, Қырымға, Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне ұшып кетеді. Ағаш басына ұя салып, бір жазда екі рет 4–7 жұмыртқа табады. Жұмыртқаны мекиені 13–15 күн басады; балапандары 15–16 күнде ұядан ұшады.
Қорегі мен ерекшелігі
- Ұсақ жәндіктер, ағаш тұқымы, бүршік, жас жапырақпен қоректенеді.
- Үні әуезді болғандықтан, кейде үй құсы ретінде де ұстайды.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар
- 1.Мәтін мазмұны жағынан қай мәтін түріне жатады?
- 2.Серуендеп келе жатқан адам нені байқады?
- 3.«Аш өзегіне түсіп кетпесін» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.
- 4.Суықторғайдың аянышты халін «Көздері…», «Жүрегі…», «Денесі…» тіркестерімен байланыстырып сипаттаңыз.
- 5.Торғайдың үйге келіп тойынғаннан кейінгі жағдайын сипаттаңыз.
«Қаламыңды ұшта» ойыны
Кіп-кішкене жұдырықтай боп өзі,
Күні бойы тыным таппай жүреді.
Қарлы суық боранда да қорықпай,
Қорек іздеп әрлі-бері кезеді.
Суықторғайға қамқорлық
Оқушылар «ой толғау» арқылы қыстап қалған құстарға қандай көмек көрсетуге болатынын ұсынады (жемшашар жасау, жем беру, су қою, табиғатты таза ұстау).
IV. Рефлексиялық кезең
1) Шығармашылық тапсырмалар
А) Мюксенберг әдісі
«Суықторғай» сөзіне сөзжасам жасау: су, ық, торғай, суық, тоғай, ай, уық, қуыс, ор, тор, сары, торы.
Ә) Дыбыстық талдау
«Суықторғай» сөзіне сатылай кешенді дыбыстық талдау жасау.
Б) «Синквейн» әдісі
1. Зат есім: Суықторғай
2. Сын есім: кішкентай, шыдамды
3. Етістік: ұшады, қонады, қоректенеді
4. Сөйлем: Суықторғай қыста қыстап қалады.
5. Қорытынды сөз: құс
2) Кері байланыс: «Кезбе тілші»
Оқушылар журналист рөлінде сабақтан алған әсері мен тұжырымын төмендегі сұрақтар арқылы білдіреді:
- Пән атауы
- Сабақта қозғалған өзекті тақырып
- Суықторғай қандай құс?
- Шығарманың авторы кім?
- Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасар едіңіз?
- Сабақтың сәтті өткен тұсы қандай болды?
Бағалау
Табыс критерийі
- Жетті
- 1,5 балл
- Талпынды
- 1 балл
- Талпыну керек
- 0,5 балл
«Бағдаршам» әдісі
Оқушылар өз деңгейін анықтап, түсіну дәрежесін белгілейді (жасыл — түсіндім, сары — әлі де сұрағым бар, қызыл — қиын болды).
Үй тапсырмасы
Мәтін мазмұнын түсініп оқу, баяндау.