Бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ
Әліппе — білім бастауы
Сауат ашудың алғашқы қадамы — қолымызға алғаш ұстайтын кітап: Әліппе. Бүгінгі мәтін — оқушылардың алғашқы жетістігін атап өтетін, ата-аналар мен ұстаздарға арналған мазмұнды әрі тәрбиелік мәні бар мерекелік ертеңгіліктің өңделген нұсқасы.
Мақсаты
- 1) Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау; іс-әрекет арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
- 2) Ата-аналарға балаларының үш-төрт ай ішінде қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.
- 3) Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Әріптер қатары, техникалық құралдар, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер.
Негізгі ой
ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Бала үшін де, ата-ана үшін де жауапкершілік арта түседі. Сондықтан бұл мереке — тек қоштасу емес, алдағы белестерге жол ашатын сенім мен жігердің күні.
Құттықтау сөзі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар!
Бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Күні кешегі ойын баласы болған балаңыз бүгінде үлкен міндет пен жауапкершілікті арқалап отыр. Сауат ашу мақсатында қолына алғаш алған кітабы — Әліппе.
Енді оқушылармен бірге білім бастауы болған Әліппемен қоштасу үшін «Әліппе — білім бастауы» атты ертеңгілігімізді ұйымдастырып отырмыз. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Жүргізушінің өлең жолдары
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап, билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
Тал шыбықтай бойына
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған, балғын балалар.
Ертегі желісі: «Әліпби елі»
Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда Әліпби атты ел болыпты. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Бір күні екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызып, оны күтіп-баптайды. Күтімі жақсы алма ағашының тамыры тереңге жайылып, көкке бойлап өседі.
Бірақ ханзада мен ханшайымның көңілі толмайды: ағаш әлі жеміс бермейді. Бұл жағдайдың өз себебі бар еді.
Кейіпкерлер диалогы
Ханзада: Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенімен, неліктен жеміс бермейді?
Ханшайым: Ханзада, мұның да бір себебі бар шығар!
Ханзада: Иә, солай болар. Күндердің күнінде жемісін беріп, бәріміз де дәм татармыз.
Әліппенің келуі
Осы сәтте Әліппе келіп: «Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім. Әр әрпімнің өз сыры бар. Қазір өздері де таныстырады», — дейді.
Әріптер өздерін таныстырған сайын алма ағашы жеміс беріп, бұтақтарына қызыл алмалар пайда бола бастайды.
Мұғалім сөзі және балалар таныстыруы
Мұғалім:
«Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен», —
деп Кенен атамыз айтқандай, кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
Музыка баяу ойналады. Оқушылар екі-екіден қол ұстасып шығып, ортаға тұрады.
Оқушылардың сөздері
1-оқушы: Нұржігіт
Енді өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Бұл, әрине, Әліппенің арқасы.
2-оқушы: Ақберен
Әліппе деген — алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
3-оқушы: Зухра
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Әріпке құрылған таныстырулар
1-оқушы: Айсұлу
А әрпінен — есімім,
Айтсам сөздің кесімін.
Айсұлу мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
2-оқушы: Батырхан
Б дегенің — бала ғой,
Жұмсаса, апаң бара ғой.
Велосипед, витамин
Б әрпінен басталар.
4-оқушы: Нұржігіт
Нұржігіт деген мен едім,
Алсам білім тереңін.
Н әрпінен — есімім,
Аламын оқу кемелін.
5-оқушы: Арсен
Арсенмін мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
Үздік оқу, саналы өріс — біліммен,
Айтыңызшы, бәйгеден кім келмеген?
6-оқушы: Омар
О дегенің — Омар,
Омар деген — мен бала.
Жақсы оқысам сабақты,
Одан артық жоқ шара.
7-оқушы: Айжан
«Гу» деп алғаш бөбектер
Гуілдейді ақырын.
Ғалым, ғылым, ғасырды
Ғ білімге асырды.
8-оқушы: Әсемгүл
Ш әрпін айтсақ жасырмай,
Үш аша айыр басындай.
Щеткамен тіс тазалап,
Щеткамен үй ақтадым.
9-оқушы: Ақберен
Партамызға отырдық,
Парақтап кітап оқыдық.
Радиодан тыңдап мәз болдық,
Рахаттанып хабарды.
10-оқушы: Айбол
Елге есті ер керек,
Ер жет, өсіп ертерек.
Ыдысты саздан жасаған —
Ықылас біздің жас маман.
Автор туралы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Шарипова Раушангүл Кенжебайқызы.