Металдарды алудың әдістері

Сабақ туралы мәлімет

Пән / сынып

Химия, 9-сынып

Сабақтың тақырыбы

Металдарды алудың әдістері

Сабақтың мақсаты

  • Металдардың алыну жолдарымен танысу.
  • Металдарды алу жолдарын химиялық реакция теңдеулері арқылы сипаттай білу.
  • Оқушыларды өз бетімен жеке жұмыс жасауға дағдыландыру.

Көрнекілігі

Тірек-сызба, карточкалар, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі

Пәнаралық байланыс

Физика, география

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сөздік жұмыс, тірек-сызба арқылы талдау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Карточкамен жұмыс.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Металдар табиғатта бос (таза, саф) күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі. Бос күйінде болатын металдарға химиялық белсенділігі төмен алтын, күміс, платина, мыс, сынап, қалайы сияқты металдар жатады.

Негізгі ұғым

Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын минералдар деп атайды.

Оксидтер

Минералдарда металдар жиі оксид түрінде болады.

Гематит: Fe2O3

Сульфидтер

Кейбір кендерде металдар сульфид түрінде кездеседі.

Пирит: FeS2

Тұздар

Металдар әртүрлі тұздар құрамында да болады.

Әктас: CaCO3

Минералдар жеке күйінде сирек кездеседі: олар көбіне құм, саз және басқа тау жыныстарымен араласып жатады. Егер минерал құрамындағы металл мөлшері көп болып, оны өндіру экономикалық тұрғыдан тиімді болса, онда мұндай минералдардың қоспасы кен деп аталады.

Кеннің байлығы қалай бағаланады?

Кен құрамындағы металл мөлшері әр металл үшін әртүрлі бағаланады.

  • Құрамында 1% мыс болса, ол мысқа бай кен саналады.
  • 1 тонна кеннен 10 г алтын алу да тиімді болуы мүмкін.
  • Өнеркәсіптік темір кендерінде темір мөлшері әдетте 60–70%-тен кем болмайды.

Полиметалл кендері

Кен құрамында әртүрлі металдардың минералдары бірге кездесуі мүмкін. Мысалы, қорғасын мен мырыш минералдары:

Галенит: PbS

Сфалерит: ZnS

Осындай бірнеше металы бар кен орындары полиметалл кендері деп аталады.

Металлургия

Кен құрамынан металл өндірумен айналысатын өндіріс саласы металлургия деп аталады. Металлургия екі негізгі бағытқа бөлінеді:

Қара металлургия

Темірдің құймаларын — шойын мен болатты өндіру жүзеге асырылады.

Түсті металлургия

Темірден басқа барлық металдар мен олардың құймалары өндіріледі.

IV. Бекіту

Тірек-сызба бойынша талдау және қысқаша сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

V. Үй тапсырмасы

«Металдарды алудың әдістері» тақырыбын оқу және негізгі ұғымдарды тірек-сызба түрінде жинақтау.