Мәзір жолы
6-сынып информатика
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру
Көрнекіліктер
- Компьютер
- Плакаттар
Сабақтың мақсаты
Microsoft Word бағдарламасында кесте құру технологиясымен таныстыру және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Нәтиже күтілімі
Оқушылар кесте ұғымын түсінеді, кесте құру тәсілдерін атайды және Word-та кестені құру жолдарын қолдана алады.
Мақсаттар бағыттары
Білімділік
Microsoft Word бағдарламасында кесте құру технологиясымен таныстыру, өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру және пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа баулу; бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін дамыту.
Дамытушылық
Өз ойын анық жеткізуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту, пәнге тұрақты қызығушылық қалыптастыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Қарапайым мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге және пішімдеуге мүмкіндік беретін бағдарламалар түрі.
2) Абзац дегеніміз не?
Enter пернесін басқанда абзац белгісінің арасына орналасатын символдар жиынтығы.
3) Жоларалық интервал дегеніміз не?
Абзацтағы мәтін жолдарының арасындағы қашықтықты тік (вертикаль) бағыт бойынша анықтайды.
4) Пішімдеу дегеніміз не?
Мәтіннің сыртқы көрінісін анықтайтын қасиеттерін өзгерту үдерісі.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу
Оқушыларға ребус ұсынылады. Жауабындағы сөз бүгінгі жаңа сабақтың негізгі термині болады.
Жауабы: Кесте
Кесте не үшін керек?
Кесте ұғымымен біз бұрыннан таныспыз. Күнделікті өмірде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде дайындау жиі кездеседі.
- Мектеп журналдары
- Үлгерім табелі
- Күнделік парақтары
Анықтама
Кесте — жолдар мен бағандар бойынша реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Ұяшыққа бірнеше жол, абзацтар, сондай-ақ суреттер және басқа объектілер орналастыруға болады.
MS Word-та кесте құру тәсілдері
Microsoft Word мәтіндік редакторы кесте құруды жеңілдетеді. Кесте құрудың үш негізгі әдісі бар:
-
1-әдіс: Мәзір жолы
Кесте → Қою → Кесте
-
2-әдіс: Стандартты құралдар тақтасы
Кесте қою белгісін пайдалану.
-
3-әдіс: Кестені сызу
Кесте → Кесте сызу