Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету

Кіріспе және ұйымдастыру

Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар қауымы! Ең алдымен әділқазылар алқасын бекітіп алайық: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Зайцева Елена Николаевна, ағылшын тілі мұғалімі — Щербина Юлия Валерьевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері — Сейпиева Бибігүл Ақантайқызы, Чаукерова Айнаш Айтахметқызы.

Сайыстың рухын көтеретін шумақ

Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,

Келіп тұр егемендік замандарың.

Қазақ болып туғанмын жер үстінде,

Және де сол тіл үшін жаралғанмын.

Қатысушылар саны

Сайысқа 6 оқушы қатысады.

Іріктеу тәртібі

1 және 2-турдан кейін ұпайы аз үш сайыскер ойыннан шығады. Қалған үшеуі келесі турларда білімін сынайды.

Келесі сөз сайыскерлерге беріледі: өзін-өзі таныстыру.

1-тур: «Бәйге»

Турға кіріспе

Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз, шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар бәйге — бәйгені бір көріңіз!

Ереже

  • Әр қатысушыға жазбаша тест түрінде сұрақтар беріледі.
  • 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді.
  • Нәтижені әділқазылар алқасы тексереді.

Бағалау

Дұрыс жауап
+10 ұпай
Дұрыс емес жауап
−1 ұпай

Сайыскерлер, дайын болсақ бастайық. Баршаңызға сәттілік!

Тест сұрақтары (10)

1) Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» заң қашан қабылданды?

  • A) 1992 жылы 4 маусым
  • Ә) 1989 жылы 22 қыркүйек
  • Б) 1991 жылы 16 желтоқсан

2) Ақмола облысының орталығы?

  • A) Астана қаласы
  • Ә) Ақмола қаласы
  • Б) Көкшетау қаласы

3) Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы кім?

  • A) Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов
  • Ә) Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжмеденов
  • Б) М. Дулатов, Ы. Алтынсарин

4) Жұрнақ арқылы жасалған сын есім?

  • A) сап-сары
  • Ә) әдемі
  • Б) ақылды

5) «Көп» сөзінің антонимі

  • A) аз
  • Ә) жоқ
  • Б) мол

6) Тудағы қыран құс ненің белгісі?

  • A) бейбітшілік
  • Ә) көптілділік
  • Б) қонақжайлылық

7) Дерексіз зат есім?

  • A) балалы
  • Ә) оқушы
  • Б) кітап

8) Ұлыстың ұлы күні мерекесі қашан?

  • A) 1 мамыр
  • Ә) 31 тамыз
  • Б) 22 наурыз

9) Қазақ елінің үш ағартушысы кімдер?

  • A) Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев
  • Ә) Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов
  • Б) М. Жұмабаев, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов

10) 2013 жылғы Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері кім?

  • A) Бекзат Саттарханов
  • Ә) Ольга Шишигина
  • Б) Серік Сәпиев