Теңдеуді шешу

Бастауыш сынып мұғалімі: Кауменова С. К.

Бөлім: Ауызша қосу және азайту тәсілдері (екінші кезең)

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік жұмыс, ойын әдісі

Көрнекіліктер: оқулық, слайд, үлестірмелі карточкалар

Техника қауіпсіздігі: партада дұрыс, түзу отыру; қаламды ауызға салмау туралы ескерту.

Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу

Білімділік

Теңдікті дұрыс жазуға және теңдеуді шеше білуге үйрету.

Дамытушылық

Ой-өрісті, логикалық пайымдауды және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Алғырлыққа, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шырылдады қоңырау —
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.

II. Мақсат қою кезеңі

Бүгін біз ауызша қосу және азайту тәсілдері бөлімін жалғастырып, негізгі тақырып ретінде теңдеуді шешуді қарастырамыз. Сабақ ойын форматындағы тапсырмалар арқылы өтеді.

1) «Кім алғыр?» ойыны

1-ден 9-ға дейінгі сандардан екі таңбалы сандар құрап, құрамын айтыңдар. Мысалы: 19 — 1 ондық, 9 бірлік.

2) «Кім шапшаң?» ойыны

Үй жұмысын тексеру (№7 есеп). Жұппен ауызша қосу және азайту орындау. Мысалы: 8+7=15, 15−7=8 (бір-біріне көмектесу).

III. Жаңа сабақ

Оқулықпен және дәптермен жұмыс (сұрақ-жауап)

Теңдеу дегеніміз не?
Белгісіз саны бар теңдік — теңдеу.
Белгісіз сан немен белгіленеді?
Белгісіз сан латын әрпімен белгіленеді (мысалы, x).
Теңдеуді шешу дегеніміз не?
Теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу. Белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі немесе теңдеудің шешуі деп аталады.

3) «Кім қызықты?» ойыны (қызығушылықты ояту)

Санды өрнек пен теңдеуді салыстырыңдар:

20 + 50 = 70

Бұл — санды теңдік (барлық сандар белгілі).

x + 50 = 70

Бұл — теңдеу (белгісіз сан бар).

4) «Кім мұқият?» ойыны

Жаңа тақырыпты қабылдау деңгейін анықтайтын тапсырмалар.

№1. Теңдікті жазу

3 + 2 = 5

№1. «Сынап көру» тәсілімен теңдеуді шешу

x + 2 = 29

Екі жақтан да 2-ні азайтамыз:

x = 29 − 2

x = 27

Тексеру:

27 + 2 = 29

29 = 29

Негізгі ой: теңдіктің екі бөлігінен де бірдей санды азайтсақ, теңдік сақталады.

№2. «Таразы» арқылы теңдеу құрастыру

Сол жақ табақта ұн бар — x кг, қасында 2 кг гир тас. Оң жақта 2 кг, 2 кг, 1 кг гир тастары бар, қосындысы 5 кг.

Осыдан теңдеу құраймыз:

x + 2 = 5

Сол жақтан 2 кг гир тасты алып тастасақ, таразы теңдігі бұзылады. Демек, тепе-теңдікті сақтау үшін оң жақтан да 2 кг-ды аламыз.

Шешуі:

x = 5 − 2

x = 3

Тексеру:

3 + 2 = 5

5 = 5

Қорытынды: теңдеуді шешу үшін теңдіктің екі бөлігінде де бірдей амал орындалады.

IV. Білімдерін тексеру

5) «Кім жүйрік?» ойыны (№3)

Шешімдері бірдей теңдеулерді табыңдар.

Теңдеулер

  • x + 7 = 14
  • 16 − x = 9
  • 25 − x = 20
  • x + 24 = 25
  • x + 6 = 11
  • 15 − x = 14

Шешімдері

  • x = 14 − 7 = 7
  • x = 16 − 9 = 7
  • x = 25 − 20 = 5
  • x = 25 − 24 = 1
  • x = 11 − 6 = 5
  • x = 15 − 14 = 1

Бірдей шешімдер: x=7, x=5, x=1.

V. Сергіту сәті

6) «Кім керемет?» ойыны (миға шабуыл)

  • Айдында 10 машина бар, ал Бекжанда одан 4-еуі кем. Бекжанда неше машина бар?
  • Самат 2 бет оқыды, ал Айгүл одан 10 бет артық оқыды. Айгүл неше бет оқыды?
  • Маржанда 100 теңге болды. Ол 40 теңгеге дәптер сатып алды. Маржанда қанша теңге қалды?
  • Әкесі 50 жаста, ал баласы одан 20 жас кіші. Бала неше жаста?
  • Әкесі 30 жаста, ал әжесі әкесінен 20 жас үлкен. Әжесі неше жаста?
  • «Балапанға көмектес»: (7 − 4) − 2 = 1 және (7 + 4) − 10 = 1

7) «Кім зерек?» ойыны (№4)

Екі амалмен шығарылатын және бір амалмен шығарылатын есеп құрастырып, шығарыңдар.

Екі амалмен

Акварель — 60 теңге

Бояу қарындаш — 30 теңге арзан

Барлығы — ? теңге

Шешуі: 60 + (60 − 30) = 90

Жауабы: екеуі 90 теңге тұрады.

Бір амалмен

Акварель — 60 теңге

Бояу қарындаш — 30 теңге арзан

Шешуі: 60 − 30 = 30

Жауабы: бояу қарындаш 30 теңге тұрады.

8) «Кім білгір?» ойыны (№5)

Өрнекті жазып, мәнін табыңдар:

50 + (4 + 2) = 58

a + (5 + 3) = 48

a = 40

30 + (a + 6) = 38

a = 2

9) «Кім ақылды?» ойыны (№6)

Мәндері сәйкесінше 11-ге және 17-ге тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындыларын жазыңдар. Қосындының мәні мен қосылғыштың айырмасын да жазыңдар, мәндерін табыңдар.

9 + 2 = 11

11 − 2 = 9

11 − 9 = 2

9 + 8 = 17

17 − 8 = 9

17 − 9 = 8

VI. Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың не түсінгені анықталады. «Бағдаршам» тәсілімен кері байланыс беріледі:

  • Жасыл

    Өте жақсы түсіндім.

  • Сары

    Негізінен түсіндім, бірақ сұрақтарым бар.

  • Қызыл

    Тақырыпты толық меңгере алмадым.

VII. Үй тапсырмасы

113-беттегі №7 есеп.

VIII. Бағалау

Оқушылар жиналған смайликтер саны бойынша бағаланады.

Қосымша: логикалық тапсырмалар

10) «Кім ғажап?» ойыны — 1-тапсырма

Көлден ұшқан 15 қаздың 9-ы қайта қонды. Қонбағаны нешеу?

Жауабы: 6

Енді осыдан теңдеу құрайық:

x + 9 = 15

10) «Кім ғажап?» ойыны — 2-тапсырма

Бір-бірімен жарысқан төрт аю, бір арыстан, екі қоян, бір түлкі. Барлығы нешеу?

Жауабы: 8