Натурал сандарды салыстыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Бөлім: Натурал сандар және нөл
Сынып: 5-сынып
Сабақ тақырыбы: 5.1.2. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Оқу мақсаты

5.1.2.1. Амалдар саны төрттен артық болатын, жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектерде амалдардың орындалу ретін анықтау және өрнектің мәнін табу.

Сабақтың мақсаты

Натурал сандарға амалдар қолдану қасиеттерін үйрету және бекіту.

Бағалау критерийлері

  • Жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтайды.
  • Санды өрнектердің мәнін табады.

Тілдік мақсат

Амалдар саны төрттен артық болатын, жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу алгоритмін түсіндіру.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» құндылықтарының 6-құндылығы: жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік.

Пәнаралық байланыс

Тіл пәндері, жаратылыстану, информатика.

Алдыңғы білім

Натурал сандар және нөл. Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру және реттеу.

Сабақтың барысы

Құрылым: кіріспе, негізгі бөлім, сергіту, қорытындылау.

Уақыт: 6 + 12 минут

Сабақтың басы (6 минут)

«Серпілген сауал» әдісі арқылы ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі: үй тапсырмасы тексеріледі, өткен тақырып бойынша білім еске түсіріледі, оқушылар белсенді әрекетке жұмылдырылады және ойлау жұмысына ынталандырылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын толықтырады.

Бағалау

Мұғалім бағалау парағын ұсынады. Оқушы өз жауабын өзіндік бағалау арқылы белгілейді.

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары

  1. 1.Көбейтілетін сандар қалай аталады?
  2. 2.a · 0 өрнегі неге тең?
  3. 3.Көбейтудің нәтижесі қалай аталады?
  4. 4.Натурал сан дегеніміз қандай сандар?
  5. 5.a · 1 өрнегі неге тең?
  6. 6.Қандай жағдайда бөлуге болмайды?
  7. 7.Бөліп тұрған сан қалай аталады?
  8. 8. a : 1, a : a, 0 : a, 16 : 0 өрнектері неге тең?
  9. 9.Бөлудің нәтижесі қалай аталады?
  10. 10. 1 · a және 0 · b өрнектері неге тең?
  11. 11.Теңдеуді шешу дегеніміз не?

Сабақтың ортасы (12 минут)

Сын тұрғысынан ойлау тапсырмалары ұсынылады. Әр топ өз есебін талқылап, топ жетекшісі арқылы жауаптарын салыстырады. Мұғалім жауаптардың дұрыстығын қадағалап, қажет жерде бағыт береді.

1-топ тапсырмалары

Топтық жұмыс

1) Есепте

63 (нұсқалар: 18, 216, 36, 6)

2) Өрнекті ықшамда

6a + 9 − 2a (нұсқалар: 8a + 9, 13a, 4a + 9, 15a − 2)

3) Амалдардың орындалу ретін анықта

56 − (58 + 3 · 12) : 2
Соңында қай амал орындалады? Нұсқалар: бөлу, көбейту, азайту, қосу

2-топ тапсырмалары

Топтық жұмыс

1) Есепте

24 (нұсқалар: 2, 8, 16, 4)

2) Өрнекті ықшамда

4x − 2x + 7 (нұсқалар: 6x + 7, 9x, 2x + 7, 11x − 2)

3) Амалдардың орындалу ретін анықта

172 + (384 − 36 : 4) · 2
Ең бірінші қай амал орындалады? Нұсқалар: азайту, көбейту, бөлу, қосу

3-топ тапсырмалары

Топтық жұмыс

1) Есепте

53 + 32 (нұсқалар: 131, 24, 21, 134)

2) Өрнекті ықшамда

16a − 9a + 2 (нұсқалар: 7a + 2, 9a, 18a − 9, 16a − 7)

3) Амалдардың орындалу ретін анықта

26 : 13 + (84 + 36 · 3) : 4
Соңында қай амал орындалады? Нұсқалар: азайту, көбейту, бөлу, қосу

Дескриптор және бағалау

  • Амалдардың орындалу ретін анықтайды.
  • Санды өрнектің мәнін есептейді.
  • Топтық бағалау арқылы нәтижені негіздейді.

Сергіту сәті

Оқушылармен амандасып, ортаға шығуын сұрап, психологиялық дайындық жасау үшін «шаттық шеңбері» ұйымдастырылады. Музыка сүйемелдеуімен бой жазу жаттығулары орындалады.

Ұйымдастыру мәліметтері

Мектеп

Қарасор ЖОББМ – КММ

Мұғалім

Анабаев Д. К.

Тақырып

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану