Кенгуру сайысы
Іс-шара: «Көңілді старт» эстафеталық жарыстары
1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын спорттық сайыс. Жарыс бағдарламасы балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытып, денсаулықтарын нығайтуға және спортқа қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
Мақсаты
- Балалардың спорттық ойындарға бейімділігін дамыту.
- Денсаулықтарын нығайтып, қозғалыс белсенділігін арттыру.
- Дене қимылдарын жетілдіру, ептілік пен шапшаңдықты қалыптастыру.
- Өз бетінше дене жаттығуларымен шұғылдануға баулу.
- Этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Ескерту: Қауіпсіздік үшін кедергілер арақашықтығы жас ерекшелігіне сай белгіленеді, ал құралдар алдын ала тексеріледі.
Ашылу салтанаты (жүргізуші мәтіні)
Құрметті әріптестер, қадірлі қонақтар және балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған «Көңілді старт» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер дейміз.
Осы мерекеге орай құттықтау сөз кезегін балабақша директоры С. Т. Абулгартаеваға береміз.
Жүргізуші:
Ендеше жарысымызды бастаймыз. Құрметті халайық, жарысты тамашалаңыздар! Әділқазы алқасы, әділ баға беріңіздер.
Әділқазылар алқасы: 1) __________ 2) __________ 3) __________
Қош келдіңіз, қадірлі қонақтар! Сіздерге төрден орын әзірледік. Бүлдіршіндерге ең құрметті қонақ та, жанкүйер де, төреші де — өздеріңіз.
Ұран:
Біз бақытты баламыз, шыныға да аламыз. Тәуелсіз ел көгінде спортшы бола аламыз!
Сайыс құрылымы: 6 бөлім
- 1 Таныстыру — топтың атауы мен ұранын айту, команда мүшелерін таныстыру.
- 2 «Кім шапшаң?» — қаппен секіріп, межеден айналып келу.
- 3 «Жүйрік ат» — допты аяқтың арасына қысып, секіріп жарысу.
- 4 «Кенгуру» — үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп өту.
- 5 «Тез қимылда» — теннис таяғымен уақ допты домалатып, кедергіден өтіп қайту.
- 6 «Жүйрік паровоз» — тізбектеле қосылып, мәреге бірінші жету.
Эстафеталар сипаттамасы
1) Таныстыру кезеңі
Әр команда өз атауын, ұранын айтып, қатысушыларын таныстырады. Бұл кезең балалардың сенімді сөйлеуін, ұйымшылдығын және командалық рухын күшейтеді.
Жүргізуші:
Еш қысылып саспайық, қызықты ойын бастайық. Сайысқа келген баланың сергітіп бойын алайық.
2) «Кім шапшаң?»
Ойын шарты: қатысушылар қаппен секіріп, белгіленген межеден айналып қайтады. Қателеспей, жылдам орындаған командаға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасы 2-бөлімнің бағасын шығарады.
3) «Жүйрік ат»
Ойын шарты: балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Тапсырманы сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Бақшада бүгін басталған, дайын болың жарысқа! Жүгір, секір, қалыспа топаралық жарыстан!
Әділқазылар алқасы 3-бөлімнің бағасын шығарады.
4) «Кенгуру»
Ойын шарты: қатысушылар үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеді. Бірінші келген команда осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Жүргізуші:
Келесі сайыста қай топтың ептілігін анықтайық!
Әділқазылар алқасы 4-бөлімнің қорытындысын жариялайды.
5) «Тез қимылда»
Ойын шарты: теннис таяғымен уақ допты кедергілер арасымен домалатып, белгіленген межеден айналып кері қайту. Мұнда дәлдік пен ширақ қимыл бағаланады.
Жүргізуші:
Денемізді шынықтырып, шыныққан біз баламыз. Жаңғыртып біз елімізді, биіктерден көрінеміз!
Әділқазылар алқасы 5-бөлімнің ұпайын береді.
6) «Жүйрік паровоз»
Ойын шарты: бірінші бала — «паровоз», қалғандары — «вагондар». Паровоз белгіленген жерден айналып келіп, келесі баланы ертіп шығады; осылай тізбек толық құралғанша жалғасады. Соңында вагондарын толық жинап, мәреге бірінші жеткен команда жеңеді.
Шығармашылық үзіліс
Спорт әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Қорытынды және марапаттау
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау рәсімін өткізу үшін сөз кезегі балабақша директорына беріледі.
Қатысқан бүлдіршіндерімізге алғыс айтамыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет. Сау болыңыздар!
Автор туралы мәлімет
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы — Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы.